December 7

Ихрамнан шығу үшін шаш алу мәселесі

Имам Абдул-Ғани әл-Ғунаими әл-Майдани әл-Ханафи өзінің «әл-Любәб фи шархи әл-Китаб» (қажылық бабы) кітабында айтты:

Ер адамның ихрамнан шығуы:

«Кейін (ер адам ихрамнан шығу үшін) шашын толық қырып алады, басының төрттен бірін¹ алса да жеткілікті немесе саусақ буын² көлемінде қысқартады, басының төрттен бірінен қысқартса да жеткілікті. Бірақ шашты толық алған қысқартудан абзал, өйткені толық алу ластықты кетіруде кемелдік, дәретпен ғұсыл алған секілді (яғни, тазалыққа толыққанды жету)».

¹Қызыл сызықтан төмен, яғни құлақтың төмен бөлігі бас емес, мойын болып есептеледі:

²Саусақ буыны (егер асыл шашы саусақ буынан кіші болса, онда қырып алады):

Әйел адамның ихрамнан шығуы:

«Ал әйел адам (ихрамнан шығу үшін) шашын қырып алмайды, бірақ, алдын айтқанымыздай, шашының төрттен бірінен³ (саусақ буын көлемінде) қысқартады».

³Басының төрттен бір бөлігіндегі шашын уыстап алып, содан саусақ буын көлеміндей қысқартады. Бірақ жалпы шашының бәрін уыстап тұрып алғаны абзал.