Осындай сенімді ұстанған адамға Аллаһтың лағынеті болсын.
Дамаскінің ханбали муфтиі әрі фақиһы шейх Мустафа әш-Шатый әл-Ханбали уаһабилерге қарсы жауап ретінде жазған «ән-Нуқул әш-шарғия фи ар-радд әлә әл-уаһһабия» («Уаһабилерге жауап ретінде келтірілген шариғи дәйексөздер») атты рисаласында (11-бетінде) мұсылмандарды «тәуәссул» мен «истиғаса» үшін кәпір санаған хауариж Ибн Абдул-Уаһһабты жайлы өз пікірін білдіріп, атасы — Шам өңірінің белгілі ханбали ғалымы әрі муфтиі болған шейх Хасан ибн Омар әш-Шатый әл-Ханбалидің сөзін келтіреді:
Олардың басшысы, Нәждтік шейх Ибн Абд әл-Уаһаб та осындай сандырақтар мен адасқан пікірлерді ашық айтқан. Солардың көпшілігінің сенімі бұзылуына себеп болған да осы кісі еді. Ол бұл пікірлерін көлемді бір хатында баяндап, оны көзі тірісінде тақуа, діндар ғалым, өз заманында ханбалилер жүгінетін беделді шейх болған марқұм атам Хасан әш-Шатыйға оқып шығып, мақұлдау жазсын деп жіберген. Сол кезде атам қатты науқастанып жатқандықтан, хаттағы пікірлерге егжей-тегжейлі жауап бере алмады. Хаттың соңына өз қолымен жазғанының қысқаша мазмұны мынадай.
“Бұл хатты оқып шықтым. Онда кейбір адамдардың білместікпен жасаған істеріне қатысты шариғи мәселелер сөз болады. Мұндай істер адамды әсте күпірлікке түсірмейді. Байыптап қарағанда, олардың кейбірі тіпті құптарлық болуы да мүмкін. Алайда осы хаттың авторы Ибн Абд әл-Уаһаб сол істері үшін оларды кәпір деп жариялап, қандарын төгуді және мал-мүлкін алуды халал деп үкім еткен. Ол бұл үкімді шариғат мәтіндерінің сыртқы мағынасынан өз қиялымен шығарған түсініктерге сүйеніп берген. Мұның өзі оның надандығын, шектен шыққанын және мүміндерге жаман күдікпен қарағанын аңғартады. Осындай сенімді ұстанған адамға Аллаһтың лағынеті болсын. Өйткені кім мүмінді кәпір десе, өзі күпірлікке түседі”.