December 29, 2024

Ибн Абдул-Уаһабтың «Китабу ат-Таухид» кітабындағы әлсіз және тасталған хадистер саны

Мухаммад ибн Абдул-Уаһабтың “Китабу ат-Таухид” кітабындағы 46-дан астам “әлсіз” және “тасталған” хадистер

Егер сіз уаһабиден: «Дұғадан кейін бет сипауға болама?» - деп сұрасаңыз, ол: “Жоқ, өйткені бұл Құран және Сүннетте келмеген”, - деп жауап береді. Ал егер оған дұғадан кейін бет сипауға болатыңдығына имам Термизидің «Сунән» (3386) және Имам Хакимнің «Мустадрак» (1/719) кітабынан дәлел көрсетсеңіз, олардан (уаһабилерден) бұл хадис әлсіз деп айтқаның естейсіз. Дәл сол сияқты басқада фиқһи мәселелерде олар тек Құран және сүннеттен дәлел сұрайды.

Ойланып көрсеңіз, діннің негізі болған ақида да дәлел сұрау мәселесінде бұдан да қатты позиция ұстану керек секілді. Иә, солай болу керек. Бірақ, тек уаһабилерде емес. Фиқһ мәселесінде дәлел іздеуде алдарына жан салмайтын адамдар, өздерінің Имамдары ақида мәселесінде келтірген “дәлелдерін” зерттеуге салғырттық танытады.

Мухаммад ибн Абдул-Уаһабтың «Китабу ат-Таухид» кітабы уаһабилердің негізгі кітаптарының бірі болып есептеледі. Сіздердің алдарыңызда сол кітапқа жазған уаһабилік шейх Әбу Мәлік Ахмад ибн Әли ибн Мусанна әл-Қуфәйлидің тахқиқында өзінің “имамы” ибн Абдул-Уаһаб “сахих” деп есептеген хадистері “әлсіз”, “өте әлсіз”, “иснады үзілген” немесе тіпті “қайтарылған” хадистер екенін анықтаған (төменде сол беттердің скриндері бар).

«Китаб ат-Таухид» кітабында “әлсіз” және “қайтарылған” хадистердің нөмірлері:

5, 15, 16, 18, 20, 21, 23, 31, 37, 49, 52, 55, 57, 58, 60, 64, 67, 68, 70, 75, 77, 78, 80, 87, 89, 90, 92, 99, 101, 102, 103, 107, 109, 110, 112, 49, 125, 127 баптарда Абдулла ибн Аббастан келген 114-ші хадис, 128-ші хадистің екі нұсқасы, 134, 139, 154, 161, 162, 163, 165.