Сақалға қатысты кейбір күмәндарға жауап
Үмметтің данасы Ашраф Әли әт-Тәһәнәуи әл-Ханафи әл-Матуриди әл-Джишти, Аллаһу Тағала оны рақымына алсын, «Имдәду әл-Фәтәуә» (4\223) кітабында айтты:
Исламда мұсылмандар үшін сақалды қысқарту, қыру және мұртты өсірудің үкімі қандай?
Сақалды қысқарту немесе қыру – сөзсіз күнә, бірақ сақал өсіруге табандылықпен ғалымдарға қарсы болу - сақал қырудан да үлкен күнә. Өйткені бұл күнәнің күнә екенін теріске шығару болып табылады.
Сақал өсіруді теріске шығарушылардың «Құран мен Сүннетте сақалды алу мен қыруға қатысты тыйым жоқ» деген тұжырымдары барып тұрған алдау және [шариғатты] бұрмалау. Біріншіден, олардың «Құранда және сүннетте ашық айтылмағанның бәрі шариғат үкімі емес» деген сөздері мүлде жалған және шариғат негіздерінен білімсіздікке негізделген мәлімдеме. Шариғат негіздері төртеу: Құран, сүннет, иджма және қияс. Осы төртеуімен бекігеннің бәрі шариғат және оны жоққа шығаруға болмайды. Екіншіден, сақалдың үкімі Құран және сүннетпен бекіген, оны жақын арада түсіндіремін. Үшіншіден, теріске шығарушылардың «[Құран мен сүннетте] ашық тыйым салынбаған немесе қайшы келген жағдайда азаппен ескертпегеннің бәрі күнә емес» деген сөздері екі жағдайда жарамсыз деп айтамыз:
- Шариғатта тыйым салынғаны туралы ашық сөздер келмеген көптеген тыйым салынған нәрселер бар, мысалы, мешітте кіші немесе үлкен дәрет сындырудың тыйымы ашық айтылмаған, бірақ оны рұқсат және болады деп ешкім айтпайды. Мешітті хош иістендіру және мешітті құрметтеу туралы әмірі мешітке дәрет сындыру харам екендігін білдірсе, біз де сақал өсіріп, мұртты алу әмірінде сақалды қысқартуға және мұртты өсіруге тыйым салуды қажет етеді дейміз. Ақиқатында, негізгі қағида бойынша әмір уәжіптікті білдіреді және бір нәрсенің уәжіп болуы оған қайшы амал етудің тыйым салынғанына нұсқайды. Бұл усул мәселесі, оны ақыл да анық дәлелдейді.
- Сақал алуды азаппен сүйіншілеген хабар жоқ деген уәждеріне келетін болсақ: Аллаһу Тағала: {«...Және мен оларға Аллаһтың жаратқанын өзгертетін болады», - деп ант су ішті. Ендеше, кімде-кім Аллаһтың орнына шайтанда дос тұтса, шүбәсіз, анық зиянға ұшырағаны} дейді. Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Татуировка салдырған мен татуировка салғандарды және шаш жалғаған мен жалғағандарды және сұлулық үшін Аллаһтың жаратылысын өзгерткендерге Аллаһ лағынет етсін», - деді. Хадисте айтылған лағынет амалдар сақал қысқарту мен қырудан жеңіл, өйткені сақалды алу хадисте айтылған нәрселерден де артық Аллаһтың жаратылысын өзгертеді және бұл шайтанға еру, ал шайтанға еру лағынетке, қасіретке және құрдымға апарады. Енді бұл әрекеттің жиренішті екеніне күмән бар ма?
Сақал қоюды теріске шығарушылардың «ішкі руханиятты тазарту керек! Сондықтан сақал өсірудің қажеті жоқ, өйткені бұл сыртқы амал» деген сөздеріне келсек. Олардың надандығын көрсету үшін біз былай деп айтамыз, мысалы, бүлікшінің бірі Сұлтанға: «Мен саған іштей бағынамын, сырттай бағынудың қажеті жоқ» десе, сұлтан мен мәжілісмендер оның сөзін қабылдай ма? Бірауыздан қабылдамайды! Ендеше шариғат ғалымдары олардың сақалға қатысты мұндай мәлімдемелерін қалайша қабылдайды?
Сақалға қарсылардың: «Мүшріктерге қайшы амал жасаңыздар», - деген хадиске қарсы «кәпірлердің көбі сақал өсіреді, ал біз болсақ оларға қайшы келіп сақалымызды аламыз және қырамыз» деген сөздеріне біз келіспейміз. Біз айтамыз: шариғаттағы үкім - не себеппен, не хикметпен айтылады. Ал үкім себепке байланысты болады, хикметке емес. Хикмет пен себептің ара-жігі білімде терең болғандарға ғана көрінеді. Сақал өсіруде мүшріктерге қайшы амал ету – хикмет, себеп емес, ал сақалды қыруға тыйым салудың себебі – жаратылысты өзгерту. Оған дәлел – көптеген хадистерде мүшріктерге қайшы келу туралы айтылмаған. Дәлелдер мен мәтіндерде сақал өсіру жалпы айтылады, мысалы: «Кімде-кім мұртын қысқартпаса, ол бізден емес» және «Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелге ұқсаған еркектерге және сол сияқтыларға лағынет айтты». Және тағы бір масыл, егер сұлтан халыққа: «Менің тағайындаған заңыма пәленше халық секілді қайшы келмеңіздер!», - десе және егер әлгі пәленше халық қайшы келуді тәрк етсе, онда халыққа сұлтанның заңына қайшы келу рұқсат па? Өйткені сұлтан оларға әлгі қауымға қайшы келуді бұйырды ғой!?
Мәселенің ақиқаты, егер кәпірлер исламда жақсы болған амалды істесе, онда біз бұл Исламдағы жақсы амалды тәрк етуіміз керек деген сөз жоқ! Керісінше біз Исламның бұл амалды ұстануда одан бетер бекім ұстануымыз міндет!
سئل الشيخ التهانوي الجشتي رحمه الله تعالي
ماحكم قطع اللحية وحلقها واعفاء الشوارب في الاسلام للمسلمين؟
قطع اللحية دون القبضية او حلقها معصية بلاشك لكن الإصرار ومعارضة العلماء في إعفاء اللحية معصية أكبر من حلق اللحية ((لانه انكار من كون المعصية معصية )).
وقول المنكرين بان حرمة الحلق وقصها لايوجد في الكتاب والسنة فهذا تلبيس محض لوجوه ، الاول بأنه يعلم من قوله بأن كل ما لم يصرح به في الكتاب والسنة فهو ليس بحكم شرعي وهذا قول باطل محض ومبني علي جهل باصول الشرع قد تقرر في موضعه بأن أصول الشرع أربعة القرآن والسنة والإجماع والقياس وكل شئ ثبت بهذه الاربعة فهو حكم شرعي ولا يجوز رده والوجه الثاني بأن اللحية ثبتت بالكتاب والسنة سأوضح قريبا ، والوجه الثالث بأن قول المنكرين كل شئ لم يأت فيه مادة الحرمة صراحة او لم يأت فيه الوعيد فهو ليس بمعصية ،نقول بأن هذين المقدمتين باطلان المقدمة الاولي باطلة لانه يوجد في الشرع أشياء كثيرة ولم يأت فيه نص صريح علي حرمته لكنه حرام بالاتفاق مثلا البول والغائط في المسجد لم يأت فيه نص صريح لكنه لم يقل أحد بجوازه ولن يقال فإن قيل الأمر بتطيبه واحترامه يدل علي حرمته فنقول كذلك الأمر باعفاء اللحية واحفاء الشوارب مستلزم لحرمة قطع اللحية واعفاء الشوارب والحقيقة أن الأصل في الأمر هو الوجوب ووجوب الشئ يدل علي حرمة ضده ،هذا مسئلة أصولية والعقل ايضا يشهد بهذا صراحة ،والمقدمة الثانية باطلة ((اي عدم ورورد الوعيد)):
لأن الله تعالي يقول ((ولامرنهم فليغيرن خلق الله ومن يتخذ الشيطن وليا من دون الله فقد خسر خسرانا مبينا))
وقال رسول الله عليه السلام لعن الله الناصمات والمتنمصات والواشمات والمستوشمات والمفتلجات للحسن المغيرات لخلق الله.
الأفعال المذكورة الملعونة في الحديث أخف من قطع اللحية وحلقها وتغير خلق الله في قطع اللحية أكثر من هذه الأشياء وفيه اتباع الشيطن واتباع الشيطن موجبة للعنة والخسران والوقوع في الغرور فهل الان شك في شناعة هذا الفعل ؟
واما قول المنكرين بأنه يجب تزكية الباطن ولا حاجة لاعفاء اللحية لانه أمر ظاهر فنقول لإظهار جهل القائل مثلا يقول أحد من البغاة للسلطان باني مطيعك في الباطن ولاحاجة للاطاعة الظاهرية فهل يقبل السلطان وأهل المجلس قوله ،لن يقبلوا قوله قطعا فكيف يسلم علماء الشرع قولهم في اللحية .
واما قول المنكرين في معارضة الحديث ((خالفوا المشركين الخ ))أن كثيرا من الكفار يعفون لحاهم فنحن نخالفهم لذلك نقطع ونحلق اللحية فنقول يذكر مع أحكام الشرع أشياء قد تكون علة وقد تكون حكمة والحكم يدور مع العلة ولا يدور مع الحكمة واظهار الحكمة والعلة خاصة للراسخين في العلم فذكر مخالفة المشركين حكمة وليس بعلة وعلة حرمة حلق اللحية هو التغير للصورة وليس المخالفة هو العلة والدليل علي ذلك عدم ذكر المخالفة في كثير من الأدلة واتي النصوص علي الاطلاق مثلا من لم ياخذ من شاربه فليس منا ولعن النبي عليه السلام المخنثين من الرجال و مثاله اذا قال السلطان للناس لاتخالفوا قانوني بالاتفاق مثل القوم الفلاني فهل اذا ترك القوم الفلاني المخالفة يجوز للناس المخالفة لأن السلطان قال لهم خالفوا القوم الفلاني لأن السلطان أمرهم بالمخالفة ((الحقيقة بأن الكفار اذا فعلوا فعلا حسنا من أفعال الاسلام فليس لنا ان نترك أحكام الاسلام بل حينئذ يلزم علينا أشد الالتزام بأحكام الاسلام .أشرف الجواب )) .