December 15, 2024

Сапта тобықты тобыққа тигізіп тұру мәселесі

Шейх Мухаммад Зәкәрия әл-Кәндәхләуй әл-Ханафи өзінің әйгілі «әл-Әбуәбу уә әт-Тәраджим ли-Сахих әл-Бухари» (2/876) кітабында айтты:

«Мәуләнә Хусәйн Әли әл-Фәнджәби өзінің ұстазы әл-Кәнкәуйден: “Намазда тобық пен иықты жанындағы адамға тақап тұру қиыншылықпен ғана мүмкін және бұл форма намаздағы хушуғ суретіне қайшы екенін біліп қой! Бұл жердегі (тобыққа тобықтарын тигізіп тұрған деген) риуаяттың мақсаты, тобық пен иықтың түзеу тұруы. Сен көрмейсің бе кейбір адамдардың аяқтары жанындағы адамның аяғымен бірдей тұрмайтынын. Және сол сияқты риуаяттағы «тобықтарын тигізіп тұрды» дегеннің мағынасы да сол (жақын, бір сапта тұру)”.

Көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша: “(Тобықты тобыққа тигізіп тұрған деген риуаяттың) мағынасы - саптағы жамағат бір-біріне өте жақын тұру, тобықтарын тигізіп тұру емес”.

Хафиз (ибн Хаджар әл-Әсқаләни әш-Шәфиғи әл-Әшғари) айтты: “Бұл саптағы жамағаттың арасы өте жақын және ашық жер болмаған деген мағынада”. Дәл осылай әл-Ғайни, әл-Қастиләниде айтқан».