November 20, 2024

Ғұсылда ауыз бен мұрынға су алу мәселесі

Әбу Ханифа, ол Осман ибн Рашидтен, ол Айша бинт Ғуджрудтің былай деп айтқанын риуаят етті: «Ибн Аббас, Аллаһ одан разы болсын, айтты: «Егер жүніп адам ғұсыл алған кезде ауыз бен мұрынды шаюға ұмытып кетсе, кейін ауыз бен мұрының шайып жібереді». Және (осы риуаятты) хафиз Талха ибн Мухаммад өзінің «әл-Муснад» жинағында Мухаммад ибн Махлидтен, ол Әли ибн Ибраһим әл-Уасатиден, ол Язид ибн Һаруннан, ол Әбу Ханифадан риуаят етті. Және Имам әл-Хасан ибн Зияд өзінің «әл-Муснад» жинағында да Әбу Ханифадан риуаят етті. Және бұл «Джәмиғу әл-Мәсәнид» (1\267-268) жинағында да бар. Тізбектегі адамдардың барлығы сенімді. Және Дарақутни (1\43) Асбат және Абдуллаһ ибн Язид арқылы Әбу Ханифадан ибн Аббас «жүніп адам ғұсылда ауыз бен мұрнына су алуға ұмытқан» адам туралы риуятында (ибн Аббас) айтты: «(Егер жүніп адам ғұсылда ауыз бен мұрынға су алуды ұмытып, солай намаз оқып қойса, онда) барып ауыз бен мұрнына су алып, намазын қайталайды», - деді. Даруқутни риуаят еткен риуаяттағы адамдардың да барлығы сенімді.

Шейх Зафар Ахмад әл-Усмани әл-Ханафи әл-Матуриди, «Иғлә әс-Сунан» (ғұсыл бабы).