August 20

«Әйел бұл дүниеде күйеуіне зиян тигізсе, жәннаттағы оның жұбайы – хорлардың біреуі: «Оған зиян тигізбе, Аллаһ сені құртсын! Ол сенің жаныңда уақытша ғана жүр. Жақында бізге келеді».

Хазіретті Муғаз, Аллаһ оған разы болын, Аллаһ Елшісі ﷺ былай дегенін риуаят етті: «Әйел бұл дүниеде күйеуіне зиян тигізсе, жәннаттағы хор қыздардан болған жұбайы: «Оған зиян тигізбе, Аллаһ сені құртсын! Шынында, ол – сенің қасыңда уақытша жүрген жат адам. Көп ұзамай сенен кетіп, бізге оралады», – деп айтады». Хадисті әт-Тирмизи мен Ибн Маджа риуаят еткен. Әт-Тирмизи: «Бұл – ғариб хадис» – деді.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 3258) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«( «Әйел бұл дүниеде күйеуіне зиян тигізсе): тыйым мағынасын білдіретін бұйрық сөйлем, (жәннаттағы оның жұбайы – хорлардың біреуі: «Оған зиян тигізбе): бұл да тыйым білдіретін ескерту, (Аллаһ сені құртсын!) яғни, Аллаһ сені рақымынан айырсын, жәннатынан алыстатсын деген қарғыс. (Шынында, ол) яғни, күйеуің (сенің қасыңда уақытша жүрген жат адам) яғни, ол сенің жанында тек қонақ, уақытша ғана. (Көп ұзамай сенен кетіп, бізге оралады», – деп айтады») яғни, бізге қосылады, бізге түседі.

Бұл хадисте және күйеуіне бойсұнбаған әйелді періштелердің лағынеттейтіні туралы хадисте – жоғарыдағы әлемнің (періштелердің) бұл дүниедегі адамдардың амалдарынан хабардар екеніне дәлел бар».