May 1

Мұсылмандармен соғысу үшін кәпірлерден көмек сұраудың үкімі.

Рахман әрі аса Рақымды Аллаһтың атымен бастаймын.


Аллаһқа мақтаулар болсын, Аллаһ Елшісіне, оның отбасына және сахабаларына қиямет күніне дейін салауат пен сәлем болсын.
Мен әл-Әзһар шейхының 21.08.1990 жылы шығарған мәлімдемесінің кейбір пәтуәларын оқыдым, онда көмек сұраушы мен көмек көрсетілетін адамның арасында келісім болған жағдайда кәпірлерден көмек сұрауға рұқсат ететін пәтуа бар. Мәлімдемеде былай делінген:
«Егер Кувейт төңірегіндегі араб халықтары араб және ислам елдерінің әскерлерінен және Ирак армиясы шабуыл жасаған күшіне тең келетін басқа елдерден көмек сұраса, онда оның еш зияны жоқ, өйткені олардың ұлтына қарамастан сол күштерден көмек сұрауы халықаралық келісімдер мен келісімдер қағидасына негізделген».
Мен бұл мәлімдемеде көмек сұраушы мен көмек сұраушы арасында жасалған шарт негізінде кәпірден көмек сұраудың рұқсат немесе рұқсат емес екендігі және де мұсылманнан жәрдем сұраудың рұқсат немесе рұқсат емес екендігі туралы шариғи үкімі анық көрсетілмегендіктен, көптеген қателіктер мен жаңылыстыратын мәліметтер бар екенін байқадым.

ЖАУАП:

Мұсылманмен соғысу үшін кәпірден көмек сұрауға рұқсат еткен фақиһтардың ешқайсысын таппадым. Өйткені мұсылманға қарсы кәпірлерден жәрдем сұрау – кәпірлерді мүміндерге үстем етудің бір түрі болып табылады және Аллаһу Тағала былай дейді: ﴾Сондай-ақ Аллаһ кәпірлердің мүміндерден үнемі үстем болуына жол бермейді (ақтық жеңіс пен үстемдік мүміндердің еншісінде болады)﴿ («Ниса»: 141).
Бәлкім, мұсылмандарға қарсы олардан көмек сұрау мүміндерді емес, кәпірлерді қолдаушы/көмектесуші деп есептелсе керек және Аллаһу Тағала: ﴾Мүміндер мүмін бауырларын былай қалдырып, кәпірлерді дос тұтпасын﴿ («Әли Имран»: 28) деп кәпірлерді қолдаушы/көмектесуші қылып алудан тыйған. Мұсылмандардың кәпір елдеріне сенім артуы кәпірлерді сырлас дос ету болып саналады және Аллаһу Тағала: ﴾Уа, иман келтіргендер! Мүміндерден өзгені сырлас дос тұтпаңдар. Өйткені, (қаскөй кәпірлер) сендерге жамандық жасау үшін қолдарынан келгенін аямайды.﴿ (Әли Имран, 118) деп бұлардан тыйған.

Хазіретті Омар ибн әл-Хаттаб, оған Аллаһ разы болсын, кәпірдің мұсылманға ұсынған кез келген көмегін немесе қызметін, тіпті ол қызмет жалпы татуласу мақсатында болса да, қабылдаудан бас тартты.
Хазіретті Халид бин әл-Уәлид, оған Аллаһ разы болсын, оған былай деп жазды: «Левантта бір христиан жазушысы бар, онсыз Леванттың салығын төлеу мүмкін емес». Сонда Хазіретті Омар оған: «Оны жұмысқа алма», – деп жазды. Хазіретті Халид оған: «Біз онсыз жұмыс істей алмаймыз», - деп жазады. Сонда Хазіретті Омар оған: «Оны жұмысқа алма», – деп жазады. Хазіретті Халид оған: «Егер оны тағайындамасақ, ақша жоғалады», - дейді. Хазіретті Омар, оған Аллаһ разы болсын, оған: «Христиан өлді, болды. Әссәләәмуәлейкум», - деп жауап қайтарады.

Әбу Муса әл-Әшғари Хазіретті Омар бин әл-Хаттабқа, оларға Аллаһ разы болсын, барып, оған Ирактың есебін ұсынады. Есеп оған ұнап: «Маған оқып беру үшін жазушыңызды шақырыңыз», - деді. Ол: «Ол мешітке кірмейді», - деді. Ол: «Неге?» - деген сәтте: «Өйткені ол христиан» - дейді. Сонда Хазіретті Омар оны қамшысымен сілкіп қалады, егер қамшы оған тигенде, оған зиян тигізер еді. Сосын: «Аллаһ олардың дәрежесін түсіріп қорлағаннан кейін оларды дәріптемеңдер, Аллаһ оларды қорқытқаннан кейін оларға амандық бермеңіздер, Аллаһ оларды өтірікші дегеннен кейін оларды растамаңдар» - дейді.

Алайда Ибн Хазм соғыстан басқа нәрселерде олардан көмек сұрауға рұқсат етті, мысалы, жол көрстеу және т.б. Оған Пайғамбар ﷺ және Хазіретті Әбу Бәкірдің Құрайыш кәпірлерінің дінін ұстанған Бәну әл-Айл руынан бір адамды жол көрсетуші етіп жалдауын дәлел етті.

Кәпірлерге қарсы жәрдем сұрауға келсек:
Кәпірлерге қарсы екіжүзділер мен пасықтардан жәрдем сұрау бірауыздан рұқсат. Өйткені Пайғамбарﷺ кәпірлерге қарсы және бүлікшілерге қарсы мұнафық Абдуллаһ бин Убәй мен оның серіктерінен жәрдем сұрады. Имам Әли, оған Аллаһ разы болсын, әл-Ашастан көмек сұрады.

Кәпірлерден кәпірлерге қарсы жәрдем сұрауға келсек, фақиһтар бұл жөнінде үш пікірде:


Бірінші пікір: Олардың көмегіне жүгінуге мүлдем тыйым салынады. Бұл ғалымдардың көпшілігінің, соның ішінде Хазіретті Айша анамыздың, оған Аллаһ разы болсын, Ибн Хазмның пікірі және таңдалған имам Ахмадтың, Аллаһ оны рахымына алсын, пікірі. Бұл Ибн әл-Мунзир, әл-Джаузжани мен имам Маликтің пікірі және олар айтты: «Егер кәпірлер мұсылмандарды қолдауға өз бастамасымен шықса рұқсат». Әсбағтан келген риуаятқа келсек, ол мүлдем рұқсат емес деген. Ол тыйым салынғанымен, кәпірлерден қызметші немесе жұмысшы ретінде (яғни, шаруашылыққа) көмек сұрауға рұқсат берді, бірақ соғыста емес.

Бұл пікірді жақтаушылар төмендегі аяттар мен хадистерді дәлел етті:
1. Аллаһу Тағала айтты: ﴾Сондай-ақ Аллаһ кәпірлердің мүміндерден үнемі үстем болуына жол бермейді (ақтық жеңіс пен үстемдік мүміндердің еншісінде болады)﴿ («Ниса»: 141).
Бұл аятты дәлел ретінде қолдану себебі, кәпірлерден жәрдем сұрау, оларға игілік ретінде мүміндердің үстінен билік береді, олардың алдында әлсіздік танытады және олардың мүміндерден жоғары болудың жолы болып табылады.
2. Аллаһу Тағала айтты: ﴾Мүміндер мүмін бауырларын былай қалдырып, кәпірлерді дос тұтпасын﴿ («Әли Имран»: 28).
Бұл аятты дәлел ретінде қолдану себебі, кәпірлерден жәрдем сұрау, оларды қолдаушы/көмектесуші болып табылады.
3. Муслим мен Ахмад Айшадан анамыздан, оған Аллаһ разы болсын, риуаят еткен хадисте: «Пайғамбар ﷺ Бәдір соғысы алдын шықты. Ол Харрат әл-Уәбәратаға жеткен кезде оны батылдығымен және батырлығымен танымал бір адам қуып жетті. Аллаһ Елшісінің ﷺ сахабалары оны көргенде қатты қуанады. Қуып жеткенде: «Мен сенімен бірге болуға, сенімен бірге өлуге ұрыста өлуге келдім», - дейді. Аллаһ Елшісі ﷺ одан: «Сен Аллаһқа және Оның Елшісіне сенесің бе?», - сұрады. Ол: «Жоқ...», - деп жауап берді. Сонда Пайғамбар ﷺ оған: «Олай болса кері қайт, мен көпқұдайшылдан жәрдем сұрамаймын», - деді. Айша анамыз, оған Аллаһ разы болсын: «Сосын ол бір ағаштың жанына барып тұрды. Әлгі адам Пайғамбарды ﷺ қайта қуып жетіп бірінші айтқанын сөздерін айтты. Пайғамбарда ﷺ оған алғашқы қойған сұрағын қойды. Ол қайтадан: «Жоқ...», - деді. Пайғамбар ﷺ оған қайтадан: «Олай болса қайт, мен көпқұдайшылдан көмек сұрамаймын», - деді. Ол кері оралды да, Пайғамбарды ﷺ қайтадан шөл далада қуып жетіп, бірінші айтқан сөздерді айтқанда, Пайғамбар ﷺ оған: «Аллаһқа және Оның Елшісіне сенесің бе?» - деп сұрағын қайталайды. Сол кезде ол: «Иә», - дейді. Пайғамбар ﷺ оған: «Жүр», - дейді.
4. Әш-Шәфиғи, Ахмад, әл-Байһақи және әт-Табарани Хабиб бин Абдур-Рахманнан, ол өз әкесінен, ол атасынан риуаят еткен хадисте: «Мен және біздің қауымнан болған бір адаммен Пайғамбарға ﷺ ол ғазауатқа аттанар алдын келіп айттық, ол кезде біз мұсылман болмадық: «Біздің руымыз шайқасқа қатысып, біз қатыспағанымыз үшін ұяламыз». Пайғамбар ﷺ: «Екеуің мұсылман болдыңдар ма?» – деді. Біз: «Жоқ», - дедік. Сол кезде Пайғамбар: «Біз көпқұдайшылардан жәрдем сұрамаймыз», - деді. Сосын біз ислам діннің қабылдап, соғыста бірге болдық.
5. Әл-Бухари мен Муслим әл-Бараа бин Азибтен риуаят етті, ол былай деді: «Темір бетперде киген бір адам келіп: «Уа, Аллаһтың Елшісі, мен соғысайын ба, әлде Ислам дінің қабылдаймын ба?» - деді, Пайғамбар ﷺ: «Исламды қабылда, сосын соғыс» - деді. Кейін әлгі адам Исламды қабылдап, соғысып, ұрыста өлді. Сол кезде Пайғамбар ﷺ айтты: «Ол аз амал істеп, көп сауап алды », - деді.
6. Кәпірлер сенім жоқ, олар жәрдемші секілді келіп ақыр соңында мұсылмандардың әскеріне зиян келтіруге тырысуы мүмкін.

Екінші пікір: Қажет болса, кәпірлерге қарсы кәпірлерден көмек сұрауға болады.
Бұл ханафилердің, әш-Шәғбидің, әс-Сәуридің пікірі және Ахмадтан келген әлсіз бір риуаяты – және Сулеймен ибн Рабиғаның пікірі.
Алайда имам Ахмад өзінің әлсіз пікіріне қарамастан, кәпірлердің сенімді болу шартымен көмек сұрауды шектеді, әйтпесе көмек сұрауға мүлдем тыйым салынады. Мұсылманның сенімін ақтамайтын және өсек айтатын мұсылманнан көмек сұрау харам болғандықтан, кәпірден көмек сұрау одан да асқан харам.
Бұл пікірді жақтаушылар мынаны дәлел ретінде келтірді:

1. Әт-Тирмизи мурсал хадисте және Әбу Дәуіт «Марасил» хадис жинағында және Ибн Хазм Суфиян әс-Сауриден, ол Ибн Джурайж әз-Зуһриден риуаят еткен хадиске сәйкес, Алла Елшісі ﷺ яһудейлермен бірге ғазауатқа шығып және оларға мұсылмандардың үлесіндей үлес берген. Әш-Шәфиғи Ибн Аббастан осыған ұқсас риуаят еткен хадисте: «Пайғамбар ﷺ оларға үлес бермеді», – делінген. Бұл хадиске «әз-Зуһридің мурсалдарының бірі және ол әлсіз» деп жауап берілді.
Ибн әл-Һумам былай деген: «Яхья бин әл-Қаттан аз-Зуһри мен Қатаданың мурсал хадистерін ешнәрсе деп санамаған және ол: «Бұл ауа секілді» деген.
2. Фарманның мүшрік болған кезінде Ухудта Аллаһ Елшісінің ﷺ сахабаларымен бірге шығып, Бану Абду-Дардан үш мүшркіті өлтірген және мүшріктердің ту ұстаушылардың бірі болған. Сол кезде Пайғамбар ﷺ: «Аллаһ бұл дінді күнәкармен де күшейтеді», – деген.
Бұған жауап: Пайғамбар ﷺ соғыс алдын оған рұқсат бергеніне дәлел жоқ және басшы мұсылмандармен бірге соғысқан кәпір туралы үндемеуіне рұқсат етілген (яғни, мұсылман басшысы ұрыста мұсылмандар қатарында кәпірлер соғысып жатқанын көрсе, үндемесе болады).
3. Зи Махбар риуаят еткен хадисте: «Мен Аллаһ Елшісінің ﷺ былай дегенін естідім: «Сендер римдіктермен бітімге келесіңдер және сендер олармен бірге жаудың артыңнан жауға шабуыл жасайсыңдар». Хадисті Ахмад пен Әбу Дауд риуаят еткен – риуаят тізбегіндегі адамдар сенімді. Оны Ибн Маджа да өз хадис еңбегіне енгізген және пікір білдірмеді. Оны әл-Мунзири де жеткізген.
4. Пайғамбар ﷺ Хунайн күні Сафуан ибн Умайя мүшрік кезінде оның қаруын алып, одан көмек сұрады.
5. Пайғамбар ﷺ Меккені алған жылы Құрайшқа қарсы Хузаадан көмек сұрайды.
Бұл туралы Ибн әл-Һумам былай деген: «Бұл дәлелдер тыйым салу хадистеріне күштілікпен қарсы тұра алмайтынында күмән жоқ, сонда олар бұл хадистерге қалай қайшы келеді?!».

Үшінші пікір – егжей-тегжейлі қарайтын бұл имам аш-Шафиғидің пікірі. Әш-Шәукәни бұған дейінгі екі пікірдің дәлелдерін біріктіріп, имам Әш-Шафиғи (басқа кәпірлерге қарсы) кәпірлердің көмегіне жүгінудің рұқсат болуы үшін келесі шарттарды қойған. Осы шарттардың бірі болмаса, мәкруһ.
Бірінші шарт – мұсылман басшысы кәпірлердің мұсылмандар туралы жақсы пікірлерін біле отырып, олардың сатқындық жасамайтынына кепілдік беруі.
Екінші шарт: (мұсылмандарға қарсы соғысып жатқан) кәпірлер санының мұсылмандар санынан көп болуы.
Әл-Мауарди үшінші шартты қосты - бұл көмек көрсетілетіндердің діні көмектесетіндердің дінінен басқа болуы керек (мысалы, яһудейлерге қарсы христиандардан көмек алу).

Дұрысы:
Діни аспектіден саяси жағы басым болатын мәселелердің қатарында соғысу мәселелері де бар. Сондықтан мен үшінші пікірді исламдық саясатқа сәйкес деп санаймын. Егер мұсылман басшысы кәпірлерден жәрдем сұрауды мұсылмандардың мүддесі бар екенін көрсе, көмек сұрауы керек, әйтпесе жоғарыда айтылған шарттарды ескере отырып, тыйылуы керек.
Мен қайталап айтамын: Мен жоғарыда айтқан (кәпірлерге қатысты басқа кәпірлерден жәрдем сұрау мәселесіндегі) хиләфтар қазіргі мұсылмандар мен арабтар жерінде американдық күштердің болуына және оларды Ирак ислам еліне қарсы қолдануға тіптен келмейді.
Бұл мәселеге (АҚШ-тан мұсылмандарға қарсы көмек сұрауға) қатысты ғұламалардан естіген пәтуалардың барлығында олардың сүйенген дәлелі анық айтылмаған.
Бұл мәселеде ең көп дегенде, қорғану үшін кәпірлерден көмек сұрау – қажеттілік (дарура), ал қажеттілік харам нәрселерге рұқсат етеді деген ереже дәлел болуы мүмкін.

Мен айтамын: Ислам әлемі мұсылман елдер арасындағы қақтығысты шешу үшін араласудан бас тартпайынша және екі елдің бірі екінші елге жасаған басқыншылығына тойтарыс бермейінше, оны (яғни, кәпірлерден жәрдем сұрау) қажеттіліктен (дарура) деп айту мүмкін емес және бұл болған жоқ (яғни, кәпір елден көмек сұрамас алдын бірінші мұсылман елдерден көмек сұралмады). Керісінше, көршісінің басқыншылығынан қорыққан мемлекет бірінші исламдық елдерден қорған іздеуі керек, қашан ислам мемлекеттері көмек бере алмайтының айтқаннан кейін ғана барып кәпірлерден қорғау сұрауға құқығы бар, өйткені қажеттіліктің (дарураның) өз үкімдері бар.

Ислам бізге үкім шығару үшін мұсылман еместерге жүгінуге тыйым салды және дауларымыз бен мәселелерімізді шешу үшін арамызға кәпірлерді тартуға рұқсат бермейді. Сөйтіп, соғысып жатқан мұсылмандардың арасын татуластыруды және олардың арасындағы жауласушымен соғысуды мұсылмандарға тапсырып, былай деді: ﴾Егер мүміндерден екі топ бір-бірімен соғысса, уақыт оздырмай араларын жарастырыңдар. Ал егер олардың бірі екіншісіне орынсыз шабуыл жасаса, онда шабуыл жасаған топқа соғыс ашыңдар, сөйтіп шабуыл жасаған топ Аллаһтың үкіміне мойынсұнғанға дейін оларға қарсы бірігіп соғысыңдар﴿ («Хужурат»: 9). ﴾... араларын жарастырыңдар﴿, ﴾оларға қарсы бірігіп соғысыңдар﴿ деді. Іс-әрекеттегі жұрнақ кәпірлерге емес, мұсылмандарға қатысты (яғни, мұсылмандар өз-ара бірігіп, шабуылдаушы тарапқа қарсы соғысу керек, кәпірлермен бірігіп емес).

Мен мұны Аллаһтың қолдауымен және басшылығымен айтып отырмын.


Шейх Абдул-Мәлик Абдур-Рахман әс-Сағди әл-Ханафи ән-Нақшбанди حفظه الله تعالى

Қорытынды: 1. Мұсылмандарға қарсы кәпірлерден жәрдем сұрауды рұқсат еткен бірде-бір ғалым жоқ;

2. Кәпірлерге қарсы мұнафық пен пасықтардан көмек сұрау бірауыздан рұқсат;

3. Кәпірлерге қарсы кәпірлерден көмек сұрау мәселесінде үш түрлі көзқарас бар: 1) Мүлдем болмайды; 2) Қажет жағдайда рұқсат; 3) Екі шартпен ғана рұқсат: а) Көмек беретін кәпірлер мұсылмандар жайлы жақсы ойда болу және мұсылман басшысы олардың қиянат жасамайтынына сенімді болу керек; б) мұсылмандармен соғысып жатқан кәпірлердің саны мұсылмандардан көп болу керек; және әл-Мауарди қосқан үшінші шарт: ол кәпірлердің сенімі мұсылмандар соғысып жатқан кәпірлердің сенімінен бөлек болу керек (христиандардан яһудейлерге қарсы көмек сұрау секілді).

Пәтуәға сілтеме: https://www.facebook.com/share/1Fu2oaRH8S/