August 27

«Дәджәлға Асбаһан жерінен жетпіс мың яһудей ереді және олардың үстерінде «тайәлисә» болады».

Хазіретті Анас, Аллаһ одан разы болсын, риуаят еткен хадисте Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Дәджәлға Асбаһан жерінен жетпіс мың яһудей ереді және олардың үстерінде «тайәлисә» болады». Хадисті Муслим риуаят етті.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 5478) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(«Дәджәлға Асбаһан жерінен) рафидилер (қазіргі шиғалар мекен ететін Иран) елінен (жетпіс мың) кейбір хадис нұсқаларында тоқсан мың деп те келген. Алайда ибн Мәлик атап өткендей, ең дұрысы әрі кең тарағаны — жетпіс мың (яһудей ереді) яғни, дәджәлға бағынады (және олардың үстерінде «тайәлисә» болады») «тайласан» сөзінің көпше түрі, бұл — белгілі киім түрі¹. Ғалымдар осы хадисті «тайалсан» киюдің құпталмайтындығына дәлел еткен. Бұл хадисті имам әс-Суюти «Таий әл-лисан ған ат-Тайласан» атты рисаласында риуаят еткен».

¹Иық пен басты жауып тұратын жамылғы: