May 28

«Егер басқа біреуге сәжде етуді бұйырсам, әйелдерге күйеулерінің алдында сәжде қылуын бұйырар едім».

Хазіретті Әбу Һурайра риуаят еткен хадисте: «Аллаһ Елшісі айтты: «Егер басқа біреуге сәжде етуді бұйырсам, әйелдерге күйеулерінің алдында сәжде қылуын бұйырар едім»». Хадисті әт-Термизи риуаят етті.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 3255) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(«Егер басқа біреуге сәжде етуді бұйырсам) сәжде – толық бойсұнудың белгісі (әйелдерге күйеулерінің алдында сәжде қылуын бұйырар едім») яғни, күйеуінің әйелі алдындағы хақысы (құқықтары) өте көп болғандықтан және әйел ол құқықтардың шүкірін толық өтей алмайтындықтан. Бұл хадис – әйелдің күйеуіне бойсұнуының қаншалықты міндетті екенін ерекше дәрежеде көрсетеді, өйткені сәжде тек Аллаһқа жасалады, өзгеге жасау – рұқсат етілмейді. Қадихан айтты: «Егер бір адам сұлтанға сәжде етсе, бірақ мұны құлшылық ретінде емес, тек құрмет және сәлем ретінде істесе – ол күпірлік болмайды». Жаратылыстың жаратылысқа сәжде етудің асылы періштелердің Бұл жағдайдың негізі – Аллаһтың періштелерге Адамға сәжде етуді бұйыруы және Юсуф пайғамбарға, оларға Аллаһтың сәлемі болсын, бауырларының сәжде етуі».