ЖӘННАТТА АЛЛАҺУ ТАҒАЛАНЫ КӨРУ МӘСЕЛЕСІ
Имам әл-Хаким ас-Самарқанди әл-Ханафи әл-Матуриди (һ. 342 ж. өмірден өткен) өзінің әйгілі «әс-Сәуәду әл-Ағзам» (18 бет) кітабында айтты:
«Алдын айтқанымыздай, жәннат иелері Аллаһу Тағаланы ұқсатусыз және кейіпсіз көретінің білу керек. Мүміндер жәннатта Раббыларын көретініне ешқандай күмән жоқ! Түнде ашық аспаннан толған айды көріп тұрған адамда «мынау ай емес секілді» деген күмән болады ма? Дәл сол сияқты мүміндер жәннатта Аллаһу Тағаланы ақиқи түрде ұқсатусыз, кейіпсіз көріп және бұл көргендері Раббылары екеніне еш күмәнданбайды. Кімде-кім Аллаһу Тағаланы жәннатта көруді жоққа шығарып: «Аллаһу Тағаланы басымыздағы екі көзбен емес, жүрек көзімен көреміз»,- деп айтса, ол адам адасқан бидғатшы. Өйткені Аллаһу Тағала айтты: {Игілік істегендерді ең жақсы түрде марапаттайды}. Аллаһ Елшісінің ﷺ сахабалары аяттағы {ең жақсы түрде} деген сөзді жәннатта Аллаһу Тағаланы көру деп тәпсірлеген және Аллаһу Тағала айтты: {Кейбір жүздер сол күні қуаныштан бал-бұл жайнайды. Раббыларынан көз алмайды}. Аллаһу Елшісі ﷺ айтты: «Расында, сендер Раббыларыңды ашық аспанда толған айды көргендей көресіңдер» -, - деді. Бізге сенімді тізбекпен ибн Омардан Аллаһ Елшісінен ﷺ былай деп айтқанын жеткізді: «Жәннатта Аллаһу Тағала сендерді таңертең және кешке Өзінің жүзіне қараумен құрметтейді»,- дегеннен кейін Аллаһу Тағаланың келесі аятын оқыды {Кейбір жүздер сол күні қуаныштан бал-бұл жайнайды. Раббыларынан көз алмайды}. Осы айтылған нәрселер ақылды адамға жеткілікті».