Мүмінмен қарым-қатынасты үзу және оған дұшпандық ету
Фақиһ, шейх Халил ибн Абдул-Қадир әш-Шәйбани әл-Ханафидің «әд-Дурар әл-Мубаха фи Хазр әл-Ибаха» кітабында:
«Әбу Һурайрадан, Аллаһ оған разы болсын, риуаят етілген хадисте Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Мүміннің мүміннен үш күннен артық қатынасты үзуі рұқсат емес. Егер үш күн өткеннен кейін екеуі кездесіп қалып бірі сәлем берсе және екіншісі сәлеміне жауап берсе, онда екеуіде сауапта ортақ болды; ал егер екіншісі жауап бермесе, онда екеуі де күнәға ортақ болады». Тағы бір риуаятта: «Кімде-кім бауырынан үш күннен артық қатынасты үзсе, тозаққа кіреді», - деп қосты. Бұл екі мүміннің бір-бірімен дүние үшін қатынасты үзуін білдіреді. Ақырет, күнә немесе адамды тәртіпке келтіру үшін қатынасты үзу туралы айтатын болсақ, Пайғамбардан ﷺ және сахабалардан, олардың барлығына Аллаһ разы болсын, риуаят етілгендей, рұқсат, бәлки мустахаб болады¹».
¹Әл-Мәнәуи «Шарх әл-Джамиғ ас-Сағир» кітабында былай деді: «Кейбір ізгілер бір-бірімен қарым-қатынасты үзгендіктерін айта кеткен дұрыс болады: Саад бин Әби Уаққастың Аммар бин Ясирді, Осман бин Аффанның Абдур-Рахман ибн Ауфты, Тауус Уәһб ибн Мунәббиһті қайтыс болғанға дейін, Ибн әл-Мусәийб өз әкесімен, әс-Сәури басында ибн Әбу Ләйләдан дәріс алған, кейін қатынасты үзеді, тіпті ибн Әбу Ләйлә қайтыс болғанда оның жаназасына бармайды және Ахмад ибн Ханбал көкесі мен оның балалары сұлтаннан сыйлық алғаны үшін қатынасты үзеді».