«Пасық мақталған кезде Аллаһу Тағала ашуланып, ашудан Оның Аршысы шайқалады».
Хазіретті Әнастен: «Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Пасық мақталған кезде Аллаһу Тағала ашуланып, ашудан Оның Аршысы шайқалады»». (Имам әл-Байһақи «Шуғабу әл-Иман» кітабында риуаят етті).
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 4359) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
(«Пасық мақталған кезде) мысалы пасыққа: «Хазірет/мырза» деп айту секілді (Аллаһу Тағала) пасықты мақтаған адамға (ашуланып, ашудан Аршысы шайқалады) яғни, ашуының зор әсерінен Аршы қозғалып, құлап кете жаздайды. Аллаһу Тағаланың мына сөзі сияқты: ﴾(Бұл сөздеріңнің ауырлығы соншалық), күллі аспан әлемі шатынап, жер жарылып, таулар күл-талқаны шығып, құлауға шақ қалды. Рахманның баласы бар (яғни, періштені немесе адамды өзіне бала қылып алды) деп айтқандары үшін (солай болуға шақ қалды)﴿ («Мәриям», 90-91 аят). Ат-Тыйби айтты: «Аршының шайқалуы – үлкен оқиғаның және үлкен апаттың орын алуының белгісі. Өйткені бұл Аллаһтың ашуы мен қаһарына ұшыраған нәрсеге разы болу, бәлки бұл (пасықты мақтау) тіпті күпірлікке жақын. Өйткені бұл Аллаһу Тағала харам еткен нәрселерді рұқсат етуге апарып соқтырады деуге болады және бұл біздің заманымыздағы екі жүзді ғалымдардың, ақын-жазушылар мен қарилардың көпшілігінің жазылмайтын дерті. Азғынды мақтағанның үкімі осы болса, залымды мақтап, оған сүйенгеннің үкімі ше? Аллаһу Тағала былай деді: ﴾Сондай-ақ өзгенің де, өзінің де обалына қалып жүрген залымдарға сәл де болса көңілдерің ауып, ықыластарың түспесін (оларға мүлдем көңіл салмаңдар)﴿. Әл-Кәшшәф». Тыйымға олардың құмарлықтарына түсу, оларға үйір болу, олармен бірге жүру, олармен бірге отыру, қонаққа бару, жағымпаздану, олардың іс-әрекеттеріне разы болу, оларға еліктеп киімдерін кию, оларға қызыға қарау, оларды дәріптейтін сөздер айту жатады. Әз-Зуһри сұлтандармен араласып бастаған сәтте дін бауыры оған былай деп хат жазады: «Аллаһ бізді және сені, Әбу Бәкірді фитналардан сақтасын. (Сенің жағдайын соншалықты қиын, тіпті) сені танитын адамдар, сен үшін мейірім мен рақым тілеп дұға ететін жағдайға жеттің. Сен қарт болдың және саған Оның кітабынан түсінік және Пайғамбарының ﷺ сүннетінен білім берілуі Аллаһтың нығметтерінен. Аллаһу Тағала ғұламалардан осылайша (яғни, ақиқатты жасырсын деп) келісім алған емес. Бәлки Аллаһу Тағала: ﴾«Кітаптағы ақиқаттарды ел-жұртқа ашық айтып жеткізетін боласыңдар һәм ондағы ақиқаттарды жасырмайсыңдар», - деп уәде алған еді﴿, - деді [«Әли Имран», 187 аят]. Біліп қой, сен істегендердің ең оңайы және ең тыңышы – залымның қасынан тыныштық тауып, хақ амалын орындамаған және өтіріктен бас тартпағандардың адасу жолын жеңілдеткенің. Саған ең жақындары сені өтіріктің диірмен тасы айналатын бір сырық (яғни, сені өз өтіріктерін тықпалау үшін негізі етіп алған) және сол арқылы азғындыққа өтетін көпір және адасуларына көтерілетін баспалдақ етіп алды. Олар сен арқылы ақиқи ғұламаларға күмән ұялатып, надандардың жүректерін жетелейді. Олардың сендерге салғандары сендер үшін қиратқандарымен салыстырғанда қаншалықты оңай және діндеріңнен бұзған нәрселерінде сендерден қаншалықты көп алды. Сен Аллаһу Тағаланың: ﴾Алайда кейіннен олардың орнын нашар ұрпақ басты. Олар намазды тәрк етті, (әйел, бала-шаға, дүние-мүлік, мансап, атақ-абырой сынды дүниелік нәрселерге қызығып) нәпсілері қалаған нәрселердің соңына түсті. Олар түптің түбінде құрдымға (немесе тозақтағы терең сайға) құлап, сазайларын тартады﴿ («Мәриям», 59 аят), - деген аяттың қатарынан болмайтыныңа қандай кепілдік бар?! Өйткені сен білімсіз нәрсемен мәміледесің және сені ғапылдықта болмаған нәрсе сақтайды (яғни, «сен Аллаһпен мәміледесің және сақтайтын да Аллаһ»). Ендеше, діндеріңді емдеңдер, оған ауру кірді және жолға азықтарыңды дайындаңдар, өйткені сапар өте ұзақ. Аллаһқа жердегі де, көктегі де ешнәрсе жасырын емес. Саған сәлем болсын». (Имам әл-Байһақидің «Шуғубу әл-Иман» кітабында риуаят етті) және де оны Әбу Яғлә әл-Маусили мен Ибн Әби әд-Дуня «әс-Самт» кітабында риуаят еткен және оның жеткізу тізбегі әлсіз. Бұл хадисті Мирак айтқан, оны Ибн Ади де Бурайдадан риуаят еткен».