September 30

Би мәселесі.

Шейх (ән-Нәхләуи атымен танымал) Халил ибн Абдул-Қадир әш-Шәйбани әл-Ханафи өзінің «әд-Дурар әл-Мубаха фи Хазр уә әл-Ибаха» (480 бет) кітабында айтты:

«Би – әуеннің ырғағына сай түрлі қимылдар жасау.

Имам Әбу әл-Уәфә ибн Ақил (Аллаһ оны рақымына алсын) би билеудің тыйым салынғанына Құранда айқын дәлел бар екенін айтып, Аллаһ Тағаланың мына сөзін келтірген:

﴾Ешкімге мұрныңды шүйірме, жер бетінде кердеңдеп жүрме!﴿ Сондай-ақ Аллаһ Тағала тәкаппарланып, паңданған адамды айыптап: ﴾Шүбәсіз, Аллаһ кеуде керіп, менменсіген мақтаншақтардың ешбірін ұнатпайды﴿ («Лұқман» сүресі, 18-аят).

Ал би билеу — кердеңдеу мен паңданудан да ауыр.

Биді алғаш шығарғандар — Сәмиридің қауымы. Ол оларға мөңірейтін денесі бар бұзау жасап берген кезде, олар оның айналасында билеп, еліре бастады¹. Сондықтан бұл — дінсіздер мен бұзауға табынушылардың жолы.

«Әт-Татархания» кітабында айтылған:

«Жоғарыда айтылған сипаттағы би билеу харам аспаптармен орындалатын әуенді тыңдау кезінде рұқсат етілмейді».

Ал «әз-Захира» кітабында:

«Би — үлкен күнә. Өйткені оның құрамында кесімді түрде харам болған нәрсе бар».

Имам әл-Бәззәзи өзінің пәтуалар жинағында былай деген:

«Имам әл-Қуртуби, Аллаһу Тағала оны рақымына алсын: “Ақиқатында, ән айту, таяқшамен ұрып ойналатын (ішекті музыкалық) «сантир» аспабын ойнау және би билеу — ижмағ бойынша харам”, — деген».

¹Құранда аталған, Мұса пайғамбардың қауымын адастырған адам. Мұса пайғамбар Синай тауына кеткенде, ол алтыннан мөңірейтін бұзау мүсінін жасап, халықты соған табынуға азғырған («Таһа» сүресі, 85–88-аяттар).