«Ер адамнан әйелін не үшін ұрды деп сұрамайды».
Хазіретті Омар риуаят еткен хадисте Пайғамбар ﷺ айтты: «Ер адамнан әйелін не үшін ұрды деп сұрамайды». Хадисті Әбу Дәуіт және ибн Маджа риуаят етті.
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 3268) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«(«Ер адамнан әйелін не үшін ұрды деп сұрамайды») яғни, егер ұрудың шарттары мен шегін сақтаса (аудармашыдан: яғни, егер шариғи себеппен және шариғи нормада ұратын болса, әйтпесе әйел шариғи қазыға шағымдана алады). Әт-Тыйби – Аллаһ оны рахым етсін – былай дейді: «Хадистегі «ұрды» деген сөз Құранда келген «бағынбау» деген аятқа қайтады: ﴾Әйелдеріңнің қыңырлыққа басып, бағынбай кетуінен қорықсаңдар, оларға алдымен насихат айтыңдар. (Айтылған насихаттан нәтиже шықпаса,) олардан бөлек жатыңдар. (Сонда да қыңырлығын қоймаса, бір жеріне зақым келтіріп алмай ақырындап) ұрыңдар﴿, ал «сұрамайды» деген Аллаһу Тағаланың мына аятына қайтады: ﴾Егер түзеліп мойынсұнса, оларға жамандық жасаудың жолын іздемеңдер (әрі не болса соны желеу етіп оларды ренжітпеңдер)﴿ («ән-Ниса», 34 аят). Яғни, (әйел тәубесіне келіп, күйеуіне мойынсұнғаннан кейін) олардан алдын келтірген зарар мен айтылған сөгісті кетіріңдер, олардың тәубесін қабыл етіп, олардың істеген бұзықтығын ешқашан болмағандай етіңдер».