«Аллаһ Елшісі ﷺ: «Қиылған некені жариялаңдар және некені мешіттерде өткізіңдер ...
Айша анамыз, Аллаһ оған разы болсын, риуаят еткен хадисте: «Аллаһ Елшісі ﷺ: «Қиылған некені жариялаңдар және некені мешіттерде өткізіңдер және неке үшін дуфф соғыңдар», – деді» (хадисті әт-Тирмизи жеткізіп айтты: «Бұл ғариб хадис»).
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 3152) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
(«Қиылған некені жариялаңдар) яғни, анық көрсету. Хадистегі «некені жариялаңдар» деген бұйрық уәжіптікті немесе мустахабты білдіру мүмкін. Жалпы неке қиғандығын жариялау мустаһаб, өйткені хадистің жалғасындағы (бұйрық мустахабты білдіртеді) (және некені мешіттерде өткізіңдер) (яғни, бұл бұйрық некені мешітте қию уәжіп емес, мустахаб екенін көрсетеді). Некені мешітте қиюға шақырудың хикметі не (мешітте халық көп болу себепті некені) жариялау үшін, әлде мешіттің берекесіне қол жеткізу үшін болуы ықтимал. Және мешітте неке қиған сәтте нұр үстіне нұр, қуаныш үстіне қуаныш болуы үшін неке қияр уақытын да ескерген жөн. Ибн әл-Һумам айтты: «Некені мешітте қию мустахаб, өйткені ол ғибадат болып табылады және жұма күні қию мустахаб». Бұл (жұма күні неке қиюдың мустахаб болу хикметі, қасиетті мекен мешіт пен қасиетті жұма күні) бір жерге жиналуы жақсылық белгісі ретінде немесе сауаптың көбеюін үміт ету үшін немесе некені жариялаудың кемелдігі үшін болуы мүмкін (өйткені жұма күні мешітте халық көп болу себепті қиылған екені көп адамдар естейді); (және неке үшін дуфф соғыңдар», – деді») бірақ мешіттің сыртында. Ибн әл-Мәлик: «Үйлену тойлары үшін мешітте дуфф соғу рұқсат», - деп оғаш сөз айтқан. Бірақ хадисте мешітте дуфф соғу рұқсат етілгендігі анық көрсетілмеген. Фақиһтер «дуфф» дегенде айналасында қоңырауы жоқ барабан түрін меңзеген және солай Ибн әл-Һумам айтқан; (хадисті әт-Тирмизи жеткізіп айтты: «Бұл ғариб хадис»). Ибн әл-Һумам имам әт-Термизиден: «Бұл жақсы және ғариб хадис» - деп жеткізген. Аллаһу Тағала жақсырақ білуші».