Неке бабы
Неке – Аллаһу Тағаланың дүние мен ақыреттегі көптеген істерін шешуге мүмкіндік беретін үлкен нығметі. Ол адамға күнәлардан аулақ болуға, жүрегін берік ұстауға және ниеттің дұрыс болуына сақтауға көмектеседі. Бұл үлкен сауап пен орасан зор пайда әкеледі.
• Неке шарты екі куәгердің қатысуымен ұсыныс және қабылдау арқылы жасалады. Егер бір адам екінші адамға екі куәгердің қастысуымен: «Қызымды саған үйлендірдім» десе, екіншісі: «Қабыл алдым/келістім» десе, неке қиылды.
• Егер ер адамның екі немесе одан да көп қызы болса және олардың біреуіне үйлендіргісі келсе, неке қиған сәтте ол қыздың есімін міндетті түрде атау керек, мысалы: «Қызым Фатиманы саған үйлендірдім».
• Бір адам екіншісіне: «Маған пәленше қызыңды маған үйлендір» десе, екіншісі: «Үйлендірдім» десе, неке қиылды, мейлі ұсыныс жасаған адам «қабылдаймын» деп айтса да, айтпаса да.
• Неке қию рәсімінде қалыңыдық өзі қатысса, оның атын немесе әкесінің атын айту шарт емес. Керісінше, оған нұсқау жеткілікті. Мысалы, ер адам: «Мен бұл әйелді саған үйлендіремін» деп оны нұсқаса, екіншісі: «Мен қабылдаймын» десе, қыздың аты аталса да, аталмаса да, қиылған неке дұрыс болады. Егер неке қию рәсімінде қалыңдық жоқ болса, куәгерлер оны тануы үшін оның аты мен әкесінің атын айтылу керек. Егер олар оның атын немесе әкесінің атын білмесе, атасын айту керек. Қорыта атйқанда, қалыңдықты куәгерлер тануы мүмкін.
• Некенің дұрыс болуы үшін екі куәгердің — екі еркек немесе бір еркек пен екі әйелдің — ұсыныс пен қабылдауды естейтіндей қатысуы шарт. Егер ұсыныс пен қабылдау куәлардың қатысуынсыз немесе бір ғана куәгердің қатысуымен жасалса, неке жарамсыз болып табылады.
• Араларында ер болмайынша әйелдердің куәлігімен неке дұрыс болмайды, тіпті ондаған әйел болса да. Куәлікте екі әйелмен бірге бір ер болуы керек.
• Куәгер есі дұрыс, балиғатқа толған мұсылман болуы керек. Куәгердің бірі мұсылман, екіншісі кәпір болса немесе олардың бірі балиғатқа толған, екіншісі толмаған болса, қиылған неке дұрыс болмайды.
• Қиылған неке жұртшылыққа белгілі болуы үшін, пәленше некесін қиды дейтіндей - некені жұма намазынан кейін мешітте қиғаны - мәндуб.
• Ер адам да, әйел де балиғатқа толған болса, олардың бірі: «Мен саған үйленемін» деп ұсыныс қылса, екіншісі: «Қабыл етемін» деп некеге қиюға болады. Бұл екі куәгердің қатысуымен жасалуы керек.
• Біреу біреуге: «Мені пәленше қызбен некелестір» десе, екіншісі екі куәгердің қатысуымен: «Оны некелестір» десе, неке қиылады және «некелестір» деп қызды сұраған адам қызға үйленгеннен кейін оны қайтарып алуға құқығы жоқ.
Үмметтің данасы Шейх Ашраф Әли әт-Тәһәнәуй әл-Ханафи әл-Матуриди, «Бәһишти Зиуәр», 277-278 бет.