Әйел адамның жамылғысы туралы
Аллаһу Тағала Пайғамбардың ﷺ әйелдеріне қарата өзінің кітабында айтты: {(Сыртта маңызды шаруаларың болмаса) байсалдылық сақтап, үйлеріңде отырыңдар, (ал сыртқа шығу қажет болған жағдайда) Исламнан бұрынғы надандық дәуіріндегідей сәнденіп, сымбат-көріктеріңді ел-жұртқа паш етіп шықпаңдар} («әл-Ахзаб», 33 аят). Қасиетті Құран Кәрімнің ашық мәтіні бойынша Пайғамбардың ﷺ әйелдері үмметтің аналары болса да, оларға еркектердің құзырында жабынуға әмір етті. Сондықтан басқа әйелдер олардан гөрі жабынуға лайық, өйткені бөтен ер адамдар оларға махрам емес. Аллаһу Тағала айтты: {Уа, ардақты Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүміндердің жұбайлары мен қыздарына: «(Үйлерінен шыққанда және бөтен ер кісілердің алдында жеңіл киімдерінің сыртынан) «джилбабтарын» кисін», – деп, айт}. Бұл аятта Аллаһу Тағала Пайғамбардың ﷺ әйелдері мен басқа әйелдерді жабыну мәселесінде тең қылды.
Әли бин Әби Талиб пен Ибн Масғудтың, Аллаһ олардан разы болсын, білім мұрагері және білімі мен түсінігі хазіретті Омардың кезінде тағайындалып, алпыс жыл бойы қазылық еткен қазы Шурайх секілді қазыны таңдандырған Әбидә әс-Сәлмәний аяттағы {джилбабтарын кисін} деген сөзді Ибн Джәрирдің түсіндірмесінде келтіргеніне сәйкес түсіндірді: Маған (яғни, ибн Джәрирге) Яқуб айтты, ол Ибн Әлия, ол Ибн Ауннан, ол Мухаммадтан, ол Әбидә әс-Сәлмәний Аллаһу Тағаланың: {...джилбабтарын кисін}, - деп, ибн Аун (джилбәб қалай болатынын көрсету үшін) джилбабты біздің құзырымызда киіп айтты: «Бізідң құзырымызда Мухаммад киіп көрсетіп» айтты: «Менің құзырымда Әбидә әс-Сәлмәний киіп көрсетті», - дегеннен кейін Ибн Аун айтты: «(Бастан төмен қарай) шапанмен бетін, мұрнын және сол көзін толық жамылғымен жауып, тек он көзін ашып қойды», - деді. Бастан төмен түсетін шапан қастың сәл жоғары немесе қасқа дейін түсіріп қояды. Бұл риуаят тізбегінің адамдары сенімділік пен дәлдікте таудың тастары секілді мықты, ал Ибн Джәрир әйгілі хафиз және атақ-даңқты әйгілі тәпсірші. Оның шейхы - Яқуб бин Ибрахим әл-Абдий, оның шейхы - Ибн Әлия Исмаил бин Ибраһим ибн Муқасим, оның шейхы Ибн Аун Абдуллаһ әл-Басри және оның шейхы Мухаммад бин Сирин: олардың барлығы сенімді хафиздер, алты хадис жинақтың имамдары олардан хадис жеткізуге бірауыздан келіскен - Аллаһ олардың барлығынан разы болсын - және Әбидә әс-Сәлмәний, біз оның кім екенін айтып өттік және одан да көптеген хафиздер хадис риуаят етті.
Хазіретті ибн Масғуд Аллаһу Тағаланың: {Сондай-ақ еріксіз көрінетін жерлерінен тыс, әшекейлері мен сымбат-көріктерін көрсетпесін} деген аятты: «Сақина мен сүрме» деп тәпсірлеген, яғни, сақина тағатын алақаны мен сүрме жағатын көзі ғана. Ибн Масғудтың бұл тәпсірі Аллаһу Тағаланың {Мешітке барарда әдеміленіңдер} деген аяттағы {әдемілену} сөзін киім деп тәпсірлегеніне қайшы келмейді.
Әбу Талха ибн Аббастан, Аллаһ олардан разы болсын, жоғарыда біз келтірген тәпсірдегі {джилбабтарын кисін} деген аятты «тек бір көзін ашып қою» деп тәпсірлегенін риуаят етеді.
Осындай (тек бір көзін ашып қою туралы) сөз Айша анамыздан да келген және осы пікір оның ұстанымы.
Әйелдің жүріп келе жатқан жолын көруге кедергі келтірмейтіндей етіп бетке жабатын жамылғы қою (яғни, арғы жағынан жүретін жолы көрінетін матамен жүзін толық жабу) мағынасы жағынан осыған (тек бір көзді ашып қоюға) ұқсас болып келеді, өйткені орамалдың негізгі мақсаты әйелдің әдемі жерлері бөтен еркектерден назарынан сақтау және жоғарыда айтылған жүзді жабатын перде, ер адамдар әйелдер секілді көздерін төмен түсіру әмірін орындауға тырысқанша дейін ер адамның әйелдің сұлулығын көрудің алдын алады.
Әбидәнің: «(Бастан төмен қарай) шапанмен бетін, мұрнын және сол көзін толық жамылғымен жауып, тек он көзін ашып қойды» деген сөзін өткен ізгілердің көпшілігі қабылдағанын және ханафи фақиһтарының арасында үлкен беделге ие имам Әбу Бәкір ар-Рази әл-Джассас өзінің «Әхкәму әл-Қуран» кітабында соған сүйенген.
Ал әйел адамның намазда және қажылықта ихрамға кіргенде екі алақаны мен жүзін ашып қою рұқсат деген мәселе әйел адам күнделікті өмірде бір себппен үйінен шыққан сәтте жүзін ашып жүруге дәлел емес. Өйткені ихрамға киінген әйелдің хәлі - Аллаһу Тағалаға ғибадат болады, қалған хиджабтарда көздерін төмен түсіру мен назардан сақтауға арналған. Ал әйел адамның намазы үйде немесе бөлмесінде болады, сол себепті оның намаз оқып тұрғанда әдемі жерлерін бөтен ер адам көреді деп елестету қиын. Сондықтан әйел адам ихрам кезі мен намаз оқуын белгілі бір себептермен үйінен шыққан кезбен салыстыруға келмейді. Ең көп дегенде бұл екі жағдайды (ихарм мен намазды) аяттағы толық жабынудан ерекшелеп алып шығу ғана.
Өйткені жоғарыда атап кеткен сенімді имамдар бір-бірінен жеткізгендей, аятта әйел адам жүзін толық жабу уәжіп екендігі туралы анық келген.
Ал Әбу Дәуіттің «әс-Сунән» жинағында Айша анамыздан келген әйелдің жүзі мен қолы ашық болса болады деген хадисіне келсек, тіпті бұл хадис сахих болғанның өзінде, Айша анамыз бұл хадиске өзі амал етпестен тәрк еткені көпшілік өткен ізгілердің құзырында (Айша анамыздан келген риуаяттың әлсіз екендігінің) дәлел және қалайша Халид ибн Дәрик Айша анамыздан риуаят етеді, егер ол Айша анамызбен ешқашан кездеспегеніне ғалымдар бір ауыздан келіссе?! Және Сәғид ибн Бишрдің Айша анамыздан жеткізген риуаяты да әлсіз, онымен қоса бұл риуаятты жеткізгенде тағы кейбір өтіріктер мен алдаулар бар.
Әйел адам бөтен ер адамдардың құзырында жүздерін ашып жүруге рұқсат берген ғалымдар, егер фитна қауіпі болмаса деген шартпен ғана рұқсат еткен. Бірақ әйелге нәпсіқұмарлықпен қарамайтын тақуа қоғам қайда бар?!
Имамдардың күні болған Имам әс-Сәрәхси өзінің «әл-Мәбсут» (1\152) кітабында айтты: «Азғыруға (соблазн, искушение, страсть) түсу қауіпі болғандықтан әйелдің жүзіне қарауға тыйым салынады! Әйелдің жүзіне қарауда азғыруға түсіп қалу қауіпі бар және басқа жерлеріне қарағанда әйелдің сұлулығы жүзінде көбірек. Әбу Ханифа мен оның шәкірттерінің әйелдің беті мен қолына қараудың рұқсат етілгендігі туралы риуаят етілген, сосын былай дейді: «Мұның бәрі егер әйелдің жүзіне қарау шаһуатпен\құмарлықпен болмаса ғана, ал егер әйелдің жүзіне қараған сәтте шаһуат\құмарлық оянатының білсе, онда ол адамға әйелдің еш жеріне қарауға болмайды және егер әйелдің жүзіне қараған сәтте шаһуат\құмарлық оянады деген ойы басым болса да сол сияқты (яғни, әйелдің еш жеріне қарауға болмайды). Өйткені ойының басым болуы оның нық сенім секілді ақиқатқа негіз емес».
Азғырудың\шаһуаттың\құмарлқтың жоқтығын нақты әйелге қараушы ер адам ғана біледі, бірақ көпшіліктің алдын шығып бірден көзге түсетін әйел мүлде азғыру\шаһуат пен құмарлық оятпайды деп қорықпауды елестету тіптен мүмкін емес, сондықтан осы негізде әйел адамның (сыртқа жүзін ашып шығудың) алдын алу керек. Осылайша бұл мәселеде Әбу Ханиф мен оның ізбасарларының мәзһабының ұстанымы анық болды.
Әл-Қуртуби өзінің тәпсірінде (12\229) айтты: «Мәлики мәзһабының үлкен имамдарынан болған Ибн Хуаир Мәндәд айтты: «Егер әйел адам сұлу болса және жүзі мен алақаны себепті фитнадан қорықса, онда ол әйел сол жерлерді жабу керек. Ал егер қарт кісі немесе түрі нашар болса, онда ашып жүрсе рұқсат»». Бұл сөзден Мәлики мәзһабының ұстанымы түсінікті болды.
Ал шәфиғи мәзһабында бұл туралы «Кифаяту әл-Әхиар» (2\23) кітабында: «Егер фитна қауіпі болса, онда әйелдің жүзі мен алақанына қарау харам. Ал егер мұндай қауіп болмаса, онда бұл мәселеде хиләф бар, бірақ дұрысы фитна қауіпі болмаса да қарау рұқсат емес. Әл-Истахарий мен Әбу Әли ат-Табари айтты және соны Әбу Мухаммад (әл-Джуәйний) таңдады, сонымен кесінді түрде Әбу Исхақ әш-Шәйразий мен ар-Руаиәний келісті және Имам әл-Харамәин: «Әйелдердің ашық-шашық, жабынбаған жүруіне жол бермеу және қарау фитнаға мен шаһуаттың оянуына түрткі болатынына келісіп, кейбір жағдайларға мән берместен шариғаттың игілігі үшін бұл фитнаның есігін жабуға мұсылмандардың бірауызды пікірі бойынша келісті». Имам әш-Шәфиғидің «әл-Умм» (1\77) кітабындағы сөзі: «Әйел адам намазда беті мен алақанынан басқа жерді толық жабады». Көріп отырғанымыздай, имам әш-Шәфиғи әйел адамның жүзі мен алақаның ашуды тек намазбен ғана шектеді (яғни, намаздан тыс жабылу керек).
Ал имам Ахмадтың мәзһабы бұл мәселеде шәфиғи мәзһабы секілді. Аллаһу Тағала баршасына разы болсын. Ал әйелдің жүзі мен алақанына қарауға рұқсат берген ғалымдар мұны құда түсу, куәлік етуде немесе ол әйелдің орнынан басқа адам болмаған жағдайда онымен келісім-шарт жасасу секілді аса қажеттілік жағдайда ғана рұқсат деді, ешқандай себепсіз өзін көрсетіп мақтану үшін үйінен шыққан әйелге қатысты емес.
Ибн Джарир және ибн Хазмның әйелдің жүзіне қарау рұқсат беруі қараушы адамның фитнаға түсу қауіпі болмаған кезде. Ал әйелдердің ішінде неше түрлі пасықтары бар бір топ адамның алдына шығуы, бұл Раббысынан қорыққан ғалымға ұнамайтыны анық нәрсе.
Әйелдердің бетперде киюін бұйыратын ашық мәтіндер болғандықтан, шығыс пен батыстағы мұсылман әйелдері ежелден бұл мәселеге ұқыптылықпен қарайтын: Хиджаз бен Йеменде, Палестина жерінде, Шам (біздің заманымызда бұл Сирия, Иордания және Ливан территориялары), Алеппода және екі Иракта (Араб Ирак және араб емес Ирак - қазіргі Иран), Мағриб жерінде (Мавритания, Марокко, Алжир) және оның төңірегінде (Тунис пен Ливия), жоғарғы Мысыр мен Суданда, Джабарта жерінде (қазіргі Мысыр мен Суданның арасындағы аумақтар), Заиля (қазіргі Судан территориясы) және Занзибар, Парсы мен Ауғанстан жерінде, Синд және Үндістан. Сонымен қатар, бұл Мысыр жағалауында және Румалли жерлерінде (Еуропадағы Османлы иеліктерінің атауы, оған Болгария, Греция, Румыния және Балқандар), Анадолы мен Албанияда әйелдер өздерін толығымен жабатын. Бәлки, кезінде Албания үкіметі әйелдерге санақ жүргізуге тырысқанда, жергілікті тұрғындар (әйелдерімізді ешкімге көрсетпейміз деп) көтеріліске шыққан. Ол барлық кемшіліктерден Ұлық, Ол барлығын Өзгертеді, бірақ өзі өзгермейді!
Мысырды отаршылдар жаулап алып, Қасым Әмин әйелдердің бетпердеден бас тартуына табанды түрде шақырғанға дейін бүкіл Мысырда әйелдердің қаншалықты мұқият жабынғанын еске алатындар аз емес.
Әйелді қызғану – Исламның шынайы белгісі, ал мұсылман елдерінде тұратын, бірақ бұл қызғаныш сезімінен айырылғандар, әйелдері өздерінің көз алдарында бөтен еркектерге жабынусыз шыққан сәтте күйеулері өздерін масқара сезінбейтін және бұл істі айып көрмейтін халықпен араласқаннан кейін пайда болды.
Османлы дәуірінің көрнекті ғалымы Ахмад Уәфиқ Баша өте тапқыр адам болған, оны ыңғайсыз жағдайға қалдыру мүмкін емес еді, өйткені оның бәріне жауабы болатын. Сұлтан II Абдул-Хамид тұсында премьер-министр болғанға дейін Еуропада көптеген дипломатиялық қызметтерді атқарған. Бір күні кезекті жиында бір дипломат: «Неге Шығыстағы әйелдер үйінде отырады, ер адамдармен араласпайды және ерлердің жиналыстарына қатыспайды?» деп сұрады. Сұрақ қоюшы шығыс (ислам) дәстүрін айыптайтын адамдардың қатарынан еді. Ахмад Уәфиқ Баша оған бірден жауап берді: «Өйткені олар күйеулерінен басқа ешкімнен балалы болғысы келмейді». Ол өз жауабымен әңгімелесушісіне салқын су құйғандай болды, әлгі дипломат тамағына тас қадалғандай амалсыз аузын жапты. Мақтаулар болған Аллаһу Тағала бізді ұйқымыздан оятсын және Ислам Шығысының ұлылығымен мақтан етуімізді нәсіп етсін және бізді басқа халықтың мәдениетімен бірігуден сақтасын және бізді тура жолға салсын!
Аллаһу Тағала бізді ұйқымыздан оятып, исламдық мақтаныш пен ар-намысымызды сездіріп, өз үмметімзден басқа үмметке кіруден сақтап, тура жолға салсын».
Шейхул-Ислам Мухаммад Зәһид әл-Кәусәри әл-Ханафи әл-Матуриди, «Хиджабу әл-мара» («Әйел адамның жамылғысы»).