November 27, 2024

Әйел адамның асылы жасырыну

Шейхул-Ислам имам әл-Марғинани «әл-Һидая» кітабында (мәйітті қабірге салу бабында) айтты:

«Қайтыс болған әйелдің денесін қабірге қойған сәтте (денесінің қандай-да бір бөлігі көрініп қалмас үшін) қабірдің үстін матамен жабады (мустахаб), ал ер адамның қабірін жаппайды. Өйткені әйел адамның асылы жасырынуға, ал ер адам ашық болуға негізделген».

Имам Бадруд-Дин әл-Ғайнидің «әл-Һидая» шархы «әл-Бидая» кітабында:

«Фатима анамыздың қабірі - Аллаһу Тағала одан разы болсын - матамен жабылып, жаназада денесі де жабылған болатын. Өйткені өмірден өтер алдын Фатима анамыз - Аллаһу Тағала одан разы болсын - денесін барынша жабуды өсиет еткендіктен, табытының бетін құрма бұтақтарымен жапқан. Осы нәрсе әйелдердің хақысында сүннет болып қалды».