September 6

Ғылым үйрену маңызды ма, әлде мүшріктермен соғысу (жиһад) маңызды ма?

Имам Әбу Бәкір әл-Джассас әл-Ханафи өзінің әйгілі «Әхкаму әл-Қуран»¹ (3\174) кітабында айтты:

«Егер: «Ғылым үйрену маңызды ма, әлде мүшріктермен соғысу (жиһад) маңызды ма?» — деп сұралса, былай деп жауап беріледі:

Егер дұшпан тарапынан келетін қауіп анық болып, олардың мұсылмандарға шабуыл жасап, зұлымдық етуінен қауіптенілсе, әрі сол сәтте оларға тойтарыс беретін басқа адам болмаса — онда жиһад әрбір мұсылманға жеке міндетке (фард айн) айналады. Мұндай жағдайда жиһадпен айналысу — ғылым үйренуден де маңыздырақ болады.

Себебі, егер жаудың зияны мұсылмандарға тиіп кетсе, оның зардабын өтеу мүмкін болмай қалады. Ал ғылым үйрену — басқа уақыттарда да жалғастыруға болатын іс. Бұған қоса, ғылым үйрену — жалпыға ортақ міндет емес, яғни ол — фард кифая (егер бір топ орындайтын болса, өзгелерден түсетін міндет).

Ал егер дұшпанға қарсы соғысуға ешкім табылмаса, онда жиһад әр адамға жеке міндет болып саналады. Ал әрбір адамға нақты белгіленіп, кейінге қалдыруға болмайтын парыз — басқа біреу орындап қойған ортақ міндеттен де (фард кифаядан да) маңызды.

Мұны мынаған ұқсатуға болады: мысалы, бесін намазының уақыты бітуге таяғанда — дәл сол сәтте намаз оқу ғылым үйренуден де маңыздырақ, өйткені бұл — дәл сол сәтте адамға нақты парыз болған амал.

Егер жиһад міндетін атқаратын жеткілікті адам табылып, олар жауға қарсы тұратын болса — онда жиһад қайтадан фард кифая үкіміне түседі, яғни оны бәрі емес, бір бөлігі ғана орындаса жеткілікті.

Бірақ мұндай жағдайда ғылыммен айналысу — жиһадтан да абзал әрі артық, себебі бұрын айтып өткеніміздей, ғылымның дәрежесі — жиһадтың дәрежесінен жоғары. Өйткені жихадтың дұрыс әрі нәтижелі болуы — ғылымға (дін іліміне) байланысты. Жихад — ғылымнан туындайтын іс, сол білімге сүйеніп жасалатын амал».

¹Авторы: Имам Ахмад ибн Әли Әбу Бәкір ар-Рази әл-Джассас әл-Ханафи (һижраның 370 жылы қайтыс болған).

– Ханафи мәзһабының беделді фақиһтерінің бірі, фиқһ негіздері мен Құрандағы үкім аяттарына қатысты терең білімімен танымал. – Ирак фиқһ мектебінің өкілі болған.

«Әхкаму әл-Қуран» — шариғи үкімдерді Құраннан түсіндірудегі ханафилік көзқарасты жүйелі түрде баяндаған классикалық еңбек. Бұл кітап Құран аяттарының үкімдік мәндерін ханафи мәзһабына сай түсіндіруге арналған және Ханафи мәзһабы аясындағы алғашқы әрі ең беделді фиқһи тәпсірлердің бірі.

Сондықтан кейбір муфтилер: «Фиқһпен айналысатын, мәзһабта сөйлемек болған адам әл-Джассас оқымай сөйлемесін» және «Әхкаму әл-Қуран» – ханафилердің үкімдік тәпсірге кіретін қақпасы» - деген.