«Адамның біле тұра тұтынған өсімқорлықтан болған бір дирхамы отыз алты зинадан да жаман».
Періштелер жуған хазіретті Абдуллаһ бин Ханзаланың риуаят еткен хадисте: «Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Адамның біле тұра тұтынған өсімқорлықтан болған бір дирхамы отыз алты зинадан да жаман». Хадисті Ахмад, ад-Дарақутни риуаят етті.
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 2825) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«(Періштелер жуған хазіретті Абдуллаһ бин Ханзаланың риуаят еткен хадисте:) «періштелер жуған» дегеннің мағынасың ат-Тыйби айтқандай: «Ол Ухуд шайқасына шақырған дауысты естігенде, әйелі оның жүніп күйі шықпауына тосқауыл болса да, ол Аллаһ Елшісінің ﷺ шақыруына асыға жауап беріп, үйінен жүніп күйінде шығып кетеді. Ол өлтірілгенше соғысады. Сахабалар оны жерлемек болғанда, әйелі: «Ол шәһид болғаны үшін жуынбай жерленеді, бірақ Раббысы жерлеу алдында оны жуу үшін періштелер түсіріп, жуындырып құрметтеді», дейді. Сондықтан оны періштелер жуған деп атайды», - деді. («Адамның біле тұра) яғни, бұл өсімқорлық ақша екенін біледі және сол сияқты егер ол білмесе, бірақ өсімқорлық туралы білім үйренуде немқұрайлы болса, дәл солай күнә болады, өйткені ғалымдар өзіне парыз болған ілімді қалдыруда немқұрайлы адамды күнәні біліп жасаған адамға теңеген (тұтынған өсімқорлықтан болған бір дирхамы отыз алты зинадан да жаман») яғни, өсімқорлықтың ауыр күнә екенін, харамды жеуден тыю, халал нәрселерді іздеуге және басқалардың құқығынан аулақ болуға шақыруды әсірелеу.
Хадистегі нақты 36 санның хикметі бір Аллаһқа ғана мәлім. Өсімқорлықтың күнә жағынан ауырлығы бөтен әйелмен тура мағынадағы 36 рет зина жасаудан ауыр болуы мүмкін және мұның хикемтін (неге нақты 36 рет екенің) Аллаһу Тағала мен оның кейбір таңдаулы әулилері хабардар. «Ақиқатында өсімқорлық иесін жаман халде жан тапсыруына алып келеді (яғни, күпірлікте өледі)» деп айтылған. Аллаһ сақтасын. Ғалымдар мұны Аллаһу Тағаланың: ﴾Уа, иман келтіргендер! Аллаһқа қарсы келіп, асы болудан сақтаныңдар! Егер шын мүмін болсаңдар, (өздеріңнен өсім шартымен қарыз алған адамдардың мойнындағы) өсімнен түсетін алашақтарыңды алмаңдар. Егер олай істемейтін болсаңдар, Аллаһ және елшісінің сендерге қарсы соғыс ашатынын біліп қойыңдар﴿ («Бақара»: 278-279) сөзінен алған. Кімде-кім Аллаһ пен Оның Елшісімен соғысса немесе Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы соғысса, ол ешқашан табысқа жете алмайды. Кімде-кім өсімқорлықта табанды болған күйде өлім аузында жатса және тәубе етпесе, бұл оның күпірлікте өлгенге дейін шайтанға мойұсыну үшін оны азғыруға көмек болады, сонда ол Аллаһ пен Оның елшісіне соғысқан болып табылады. Сондай-ақ Аллаһу Тағаланың сөзінде: {Пайызды еселеген үстіне еселеп, өсім жемеңдер. Аллаға қарсы келуден сақтаныңдар. Сонда (екі дүниеде де) азаптан құтылып, мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер. Сондай-ақ кәпірлер үшін әзірленген тозақ отынан (иманға келіп, игілікті істер атқару арқылы) сақтаныңдар} [«Әли Имран»: 131] оның кәпір болып кету қауіпі бар екенін көрсетеді. (Хадисті Ахмад, ад-Дарақутни риуаят етті) және әл-Баһақи өзінің «Шуғабу әл-Иман» кітабында ибн Аббастан риуаят етті: («Кімнің еті арам жолмен өссе) яғни, өсімқорлыққа, парақорлыққа және басқа адамдардың құқықтарына қатысты арам нәрсемен есейсе, шыңдалса (оған тозақ лайықтырақ») яғни, сол адам тозақ отына лайықты.
Мұнда өсімқорлық адамның денесіне әсер етіп, көп күнәға баратынына немесе өсімқорлық күнә екені баршасына мәлім болмағандықтан, надан адам білместікпен оны рұқсат деп діннен шығуы мүмкін екеніне ишара бар, өйткені зина исламға дейінгі заманда да күнә екені баршасына белгілі болатын (яғни, зина Ислам діні келместен бұрыңғы қоғамдарда құпатлмайтын және айып болатын, ал өсімқорлық Ислам діні келумен тыйым салынды)».