Жезөкше бетжапқыш кие алмайды — оның басы ашық болуы керек.
Соңғы кездері кейбір исламофобтар, әсіресе муртад-тәңіршілдер, «ниқаб пен паранджа Месопотамиядағы ғибадатханалық жезөкшелердің киімінен шыққан» деген жалған ақпаратты тарата бастады. Шынымды айтсам, қанша іздесем де, бұл сандырақтың ғылыми негізін таба алмадым. Керісінше, Месопотамиядағы ғибадатханалық әйелдер ашық, денеге жабысып тұратын мөлдір жамылғылар кигені белгілі.
Ал Ассирия империясында керісінше — әйелдердің жабыну тәртібі заңмен бекітілген және ол заң шариғаттағы қағидаларға ұқсайды: яғни жабыну — еркін, ардақты әйелдерге тән белгі, ал күңдерге рұқсат етілмеген. Сондай-ақ Афинадағы грек әйелдері де — әсіресе тұрмыстағы ханымдар — жүзін жауып жүретін (ниқаб).
Ассирияда да, Афинада да ниқаб — әйел мәртебесінің, тектілігінің белгісі болды; ол ешқашан жезөкшеліктің нышаны болған емес. Керісінше, жезөкшелер мен күңдерге паранжа, вуаль кию қатаң түрде тыйым салынған.
Келтірілген ассириялық заң мәтіні былай дейді:
«Тұрмыстағы әйелдер, жесірлер және ассириялық әйелдер көшеге жамылғысыз шықпауы керек. Текті отбасылардың қыздары да міндетті түрде жамылғымен жүруі тиіс; олар көшеге жалаңбас шықпауы керек…
Күң өз ханымымен бірге шыққанда жабынуы тиіс.
Тұрмысқа шыққан иеродул (храм қызметкері) көшеде жабынумен жүреді. Ал тұрмысқа шықпаған иеродулаларға жамылу рұқсат етілмейді; олар жалаңбас жүреді.
Жезөкше бетжапқыш кие алмайды — оның басы ашық болуы керек. Кез келген ер адам жезөкшені бетжапқыш киіп жүргенін көрсе, оны ұстап, куәгерлерді шақырып, сарай қақпасына алып баруы тиіс. Оның әшекейлері тәркіленбейді, бірақ оны ұстап әкелген адам оның киімін алып қоюға құқылы. Жезөкше елу дүре жазасына тартылады және оның басына шайыр (қара май) құйылады.
Егер ер адам жезөкшені бетжапқыш киіп жүргенін көріп, сарайға жеткізбей қоя берсе, онда жазаны өзі алады: оған да елу дүре соғылады. Оны әшкерелеген адам оның киімін алып қоюға құқылы. Оның құлақтары тесіліп, артына байланатын жіп өткізіледі, әрі ол бір ай бойы патшаға каторждық жұмыс істеуге жазаланады.
Күңдер де бетжапқыш киюге болмайды. Егер бір ер адам күңді жамылғымен көрсе, оны ұстап, сарай қақпасына алып келуі тиіс. Күңнің құлақтары кесіледі, ал оны ұстап әкелген адам оның киімін алып қоюға құқылы.
Егер ер адам күңді жамылған күйде көріп, сарайға жеткізбей қоя берсе, және бұл іс дәлелденсе, оған да елу дүре соғылады. Оның құлақтары тесіліп, артына байланатын жіп өткізіледі, әрі ол бір ай патшаға каторждық жұмыс істеуге жазаланады
Егер ер адам өз күңін «жамылғы кигізіп» әйелі етуге шешсе, ол бес-алты көршісін жинап, олардың көзінше жамылғы жауып: «Бұл — менің әйелім» деуі тиіс. Сонда ғана ол заңды жұбайы болады. Күңнің бетіне жамылғы жабылып, куәгерлердің көзінше “ол — менің әйелім” деп жарияланбаса немесе күйеуі оны ашық түрде әйелі деп айтпаса, ол заңды тұрғыда әйел болып есептелмейді; ол әлі де күң күйінде қалады.
Егер ер адам қайтыс болып, жамылғы жапқан (яғни, ресми әйелі болған) әйелінен ұрпақ қалдырмаса, онда оның күңдерінен туған ұлдары — заңды мұрагерлері болып есептеледі. Әрқайсысы оның мүлкінен өз үлесін алуы тиіс».
Дереккөз: Middle Assyrian Laws, Law Collections from Mesopotamia and Asia Minor, Martha Roth.
Сондықтан:
Бүгінгі жезөкшелер мен күңдердің көне киімін киген қазіргі ашық-шашық жүрген әйелдер бізге «ежелгі жезөкшелер жабынумен жүрген» деп өтірік айтады. Шын мәнінде, керісінше болған: бетжапқыш — жезөкшелерге тыйым салынған, тек мәртебелі әйелдерге тән белгі.