«Аллаһ барлық жерде» деген кімдердің сенімі?
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди өзінің «Дау әл-Мәғәли шарх Бәдәи әл-Әмәли» (54 бет) кітабында «Аллаһу Тағала алты тараптан пәк» деген сөздің түсндірмесінде айтты:
«Бұл сөзде мутазилиттер¹ мен қадария мәзһабының «Аллаһ барлық жерде» деген сенімдеріне қарсы жауап, сондай-ақ мушаббиһа мен каррамиа ағымдарының «Аллаһ[тың мекені] аршының үстінде» деген сенімдеріне де қайшы жауап бар. ﴾Ол - ұлы Арштың Раббысы﴿ («ат-Тәубә», 129 аят) деген сөздің мәні: Ол – Аршының Жаратушысы әрі оны ұстаушысы. Шын мәнінде, Ол – жоғарғы және төменгі дүниелердің барлығын сақтаушы\ұстап тұрушы».
¹Шейх Абдул-Хамид ат-Туркмани әл-Ханафи әл-Матуриди осы кітаптың тахқиғында айтты: «Бұл сенімді муғтазилаға жатқызу қате, өйткені олар Аллаһу Тағаланы қандай да бір мекенде болудан пәктейді. Ақиқатында бұл сенім «джахми» сектасының көсемі әл-Джәһм ибн Сафуанның сенімі».