August 1

Тәкаппарлыққа тәкаппарлық көрету – садақа.

Хазіретті Джәбир ибн Әтик жеткізген хадисте: «Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Қызғанышытың кейбірін Аллаһ ұнатады, ал кейбірін ұнатпайды. Аллаһ ұнататын қызғаныш – күмәнді нәрсеге деген қызғаныш. Аллаһ ұнатпайтын қызғаныш – күмәнсіз нәрсеге деген қызғаныш. Және тәкәппарлықтың да кейбір түрін Аллаһқ ұнатпайды, ал кейбірін ұнатады. Аллаһ ұнататын тәкәппарлық – шайқас сәтіндегі тәкәппарлық және садақа берген уақыттағы тәкәппарлық. Аллаһқа ұнамайтын тәкәппарлық – мақтану кезіндегі тәкәппарлық». Басқа бір риуаятта: «Күнәсымен мақтану»». Хадситі Ахмад, Әбу Дәуіт және ән-Нәсәи риуаят етті.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 3319) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(Джәбир ибн Әтик жеткізген хадисте): Оның лақабы Әбу Абдуллаһ ал-Ансари, Бәдір шайқасына және басқа да барлық шайқастарда болған: («Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Қызғанышытың кейбірін) яғни, ер адам өз отбасын (яғни, әйелін, анасын, апа-қарындастарын және тағы басқа махрам әйел туыстарын) қызғануын (Аллаһ ұнатады) яғни, Аллаһ оған разы және соны дұрыс көреді, (ал кейбірін ұнатпайды) яғни, Аллаһ жек көреді және мақұл көрмейді. (Аллаһ ұнататын қызғаныш – күмәнді нәрсеге деген қызғаныш) яғни, егер күмән, екілену, шәк өз орнымен және пайдалы болса. Пайдалы болса деген - (әйелі немесе басқа махрам туыстары харамға түсіп қалудан) қорқу және (сол қорқу себепті оларды күмәнді істен) тыю. Ал егер күмән өз орнында (яғни, шариғи себепсіз) болса, онда бұл күмән (әйелімен немесе басқа махрам әйел туыстарымен) жеккөрушілікке, қастық пен фитнаға алып келеді. Сондықтан хадистің жалғасында (Аллаһ ұнатпайтын қызғаныш – күмәнсіз нәрсеге деген қызғаныш) бұл, (шариғи себепсіз, дәлелсіз әйелі немесе махрам әйел туысы туралы) бірден жаман ойға түсу, мысалы, (олардың бірі) есік алдына шықса немесе терезеден қарап қалса немесе (олардың бірі үзір себепті үйінен шыққан уақытта) бөгде ер адам оны көріп қалса немесе үзірсіз бөгде адаммен (әзілсіз, күлкісіз, деловой контактіде) сөйлесіп қалса (бұл жағдайларда әйелін немесе махрам туыстарын қызғану әрине рұқсат және мақтаулы, бірақ сол қызғаныш олар туралы шариғат құп көрмеген жаман ойға бармау керек, мысалы, зинақор деген сиқяты. Аллаһ сақтасын). (Және тәкәппарлықтың да кейбір түрін Аллаһқ ұнатпайды, ал кейбірін ұнатады) хадисте тәкәппарлықты ұнатпауды бірінші айтты, өйткені тәкәппарлықтың асылы және көбісі жеккөрілген, ал қызғанышқа олай емес (өйткені қызғанудың асылы мақтаулы іс). (Аллаһ ұнататын тәкәппарлық – шайқас уақытындағы тәкәппарлық) белсенді және айбарлы түрде алға жылжып, ерлік пен батырлығын көрсетіп соғысу, дұшпандарды жек көріп, оларды менсінбей қарау, өйткені Ол ﷺ (шайқастың бірінде дұшпанға қарсы айбатын көрсетіп) былай деді: «Мен Пайғамбармын, өтірікші емес, мен Абдул-Мутталибтің ұлымын», (және садақа берген уақыттағы тәкәппарлық) садақасын жомарттық және мейіріммен, ықыласпен, қуана-қуана беру және садақаны қанша көп берсе де оны көпсінбей, керісінше, бергенін аз көру. Кейбір ғалымдар айтты: «Олар садақа берген уақытта өздеріне былай деп айтады: «Садақаны көп берсем, баймын, ризқым бар (яғни, садақа беруден кедей болып қалмаймын) және Аллаһқа тәуекел етемін», – дейді. Ендеше, екі жағдайдағы: тәнмен және ақшамен күрес уақытындағы тәкәппарлық, мақтауға тұрарлық тәкәппарлық. (Аллаһқа ұнамайтын тәкәппарлық – мақтану кезіндегі тәкәппарлық») яғни, тегімен, мысалы: «Менің әкем текті, шарапатты» деп айту (текті мақтан етуде айып жоқ, тек бұл мақтану тәкәппарлыққа алып келмеуі керек). Аллаһу Тағала былай деді: «Аллаһтың құзырында ең құрметтілерің – ең тақуаларың» және айтты: ﴾(Уа, Мухаммад!) Оларға: «Бұл тек Аллаһтың шексіз шарапаты мен рақымының арқасы. Ендеше, (адамдар) тек осыған ғана қуансын! Өйткені бұл олардың бүкіл жиған-тергенінен әлдеқайда артық», – деп айт﴿ яғни: иманды және Құранды ғана мақтан тұтып соған қуансын. Басқа риуаятта: «кедейлікте» яғни: кедейлік жағдайындғы тәкаппарлық, өйткені бұл бай адамның тәкәппарлығанан да жаман, егер оның тәкаппарлығы кедейлерге бағытталған болса, ал егер оның тәкаппарлығы байларға қатысты болса, мақтауға лайық, өйткені тәкаппарлыққа тәкаппарлық көрету – садақа. (Басқа бір риуаятта: «Күнәсымен мақтану») яғни, зұлымдығымен мақтану. Мұның мағынасы: «Қызғаныш» себепті болған тәкәппарлық» деп те айтылды. (Хадситі Ахмад, Әбу Дәуіт және ән-Нәсәи риуаят етті)».