August 6

Үкіметтің дүниесін ұрлау мәселесі

СҰРАҚ:
Діндар, әділдігімен танылған бір топ адамдар мемлекет меншігіндегі немесе кейбір мемелекеттік компаниялардың дүниесін/қаражатын алу рұқсат, харам емес дейді. Өйткені ол белгілі бір адамға тиесілі емес дейді.

ЖАУАП:
Мемлекет қаражатын ұрлау жеке адамнан ұрлағаннан да ауыр күнә. Ол бүкіл халықтың мүлкін ұрлап жатыр. Өйткені мемлекеттік қаражатта сол елде тұратын әрбір азаматтың ақысы (немесе бір тиын болса да үлесі) бар, мемлекеттік қаражатты адам жеке дара иелік етуі\жұмсауы рұқсат емес. Егер бір адамнан ұрласа, онда қиямет күні бір адам ғана өз ақысын талап ететін болады; ал егер мемлекеттік қаражаттан ұрласа, онда (сол мемлекеттік қаражатта ақысы бар немесе бір тиын үлесі болған) барлық адамдар келіп ақыларын талап ететін болады. Мемлекеттік мекемеден ұрлаған адамның да жағдайы солай болмақ.

Көптеген қызметкерлер немесе кейбір шенеуніктердің мемлекет ақшасын ұрлайды дегенге келетін болсақ, бұл басқа адамдардың ұрлауына сылтау емес. Өйткені мұсылманның сипаты амантшыл мен адалдық және {Ғапылдыққа салынғандармен бірге ғапылдыққа салынатын едік} деп айтпауы керек («Муддассир», 45 аят).

Шейх Абдул-Мәлик Абдур-Рахман әс-Сағди әл-Ханафи ән-Нақшбанди حفظه الله تعالى