Тәшриқ күндері тәкбірді намаздан кейін айтуды бидғат дейтін уаһабилерге қарсы жауап.
Суретте Албани мен оның адасқан шәкірті Муқбил әл-Уадидің берген пәтуасы көрсетілген:
«Сұрақ: Тәшриқ күндері тәкбір айтуды намаздан кейін қылып бекіту дұрыс па?» Уаһабилік Албанидің жауабы: «Жоқ, намаздан кейін тағайындауға болмайды, керісінше бұл бидғат! Тәкбірді тәшриқ күндерінің кез-келген уақытында айтылады»
Уаһабилік Муқбил ибн әл-Һәдиге (Имам Әбу Ханифаны даттайтын арнап кітап шығарған дәл осы кісі) айтты: «Тәшриқ күндері адамдар әдеттегі парыз намаздан кейін тәкбір айтулары шариғатта жоқ, бәлки тәкбірді кез-келген уақытта айтады. Яғни, намаздан кейін сүннетте келген зікірлерді оқып, сосын барып тәкбір айтады, мейлі парыздан кейін болсын, мейлі духа намаздан кейін болсын немесе күндіздің ортасында болсын немесе кешке болсын немесе кешке немесе түннің ортасында болсын».
Төменде, Имам Ибн Таймия мен Хафиз Ибн Раджаб әл-Ханбали (Аллаһ оларды рахымына алсын) және ғұлама әл-Буһути әл-Ханбалидің (Аллаһ оны рақымына алсын) сөздерін келтіремін.
Сондай-ақ, Имам Ахмадтың иджмағты, сахабалардың, өткен ізгілердің және төрт мазһаб имам сөздерін жеткізуді және әлсіз хадистермен қалай әрекет ету және мұсылмандар арасында қалыптасқан амалды есепке алуын қараңыз.
Егер жалған сәләфи адасушыларға жол ашылса, дін жоғалар еді.
Ибн Тәймия айтты: «Сахабалар мен имамдар арасында өткен ізгілер мен фақиһтардың көпшілігі ұстанатын тәкбірге қатысты ең дұрыс пікір - Арафа күнінің таңынан тәшриқ күндерінің соңына дейін әрбір (парыз) намаздан кейін тәкбір айту. Айтқа шыққанда әркімге дауыстап тәкбір айту шариғатталған. Бұған төрт мәзһаб имамдары бірауыздан келіскен».
Ибн Раджаб әл-Ханбали «Фәтху әл-Барри» кітабында айтты: «Ғалымдар тәшриқ күндері намаздан кейін жалпы тәкбір айтудың рұқсат екендігіне бірауыздан келіскен. Бұл жөнінде сахих хадис жоқ, керісінше сахабалар мен тәбиғиндерден жеткен хабарлар бар және мұсылмандар осыған сай амал еткен. Бұл Пайғамбарымыздан ﷺ бізге жеткен нақты хадис болмаса да, имамдардың кейбір мәселеге бірауыздан келісімі амал етуге жеткілікті екеніне дәлел».
Имам Мәлик тәкбір тәшриқ туралы айтты: «Тәкбір айту уәжіп». Ибн Абдул-Барр әл-Мәлики айтты: «Яғни, сүннетпен бекіген уәжіп».
Имам әл-Буһути әл-Ханбали өзінің «Кәшәфу әл-Қинағ» кітабында айтты: «Басқа бір нұсқада Пайғамбар ﷺ Арафа күні таң намазын оқығанда, сахабаларына қарап және сахабалар өз орындарында отырған күйі: «Аллаһу акбар, Аллаһу акбар! Лә илааһа иллаллаһу, уаллаһу акбар! Аллаһу акбар, уә лиллаһил хамд!», – деп айтатын». Хадисті әд-Дарақутни жеткізді. Егер хадис Джәбир ибн Зайд әл-Джуфиге негізделген, ал ол болса әлсіз» десе, біз: «Шуғба мен әс-Саури одан риуаят етті және оны сенімді деп санады, бұл сендерге жеткілікті болу керек» дейміз».
Ахмад айтты: «Джәбир жеткізген хадисі үшін сынға ұшырамаған, ол өз пікірі үшін ғана сынға алынған. Алайда бұл мәселеде одан күштірек тізбегі бар хадис жоқ, сол үшін оны тәрк ететіндей. Хадистен алынатын үкім абзалдық пен мустахаб үкімі, парыз бен харам емес, риуаят тізбегіне сонша қатты қарайтындай». Ахмад: «Осыған байланысты (яғни, намаздан тәкбір айту мәселесінде) қандай хадисті қолданасыз?» деп сұралды. Ол: «Омар, Әли, Ибн Аббас және Ибн Масғудтың ортақ пікіріне сүйенемін», – деді».
Шейх Мухаммад Абд әл-Уахид әл-Ханбали حفظه الله تعالى
Сілтеме: https://www.facebook.com/100080239201749/posts/pfbid032R3UQrtWwCdZGCkFtHnFKFbtVjLrSupDJLJJBVtK1MjGavrWd2to1CsYpHaBzUFxl/