January 6

АЛЛАҺУ ТАҒАЛАНЫ ТҮСІНДЕ КӨРУ МӘСЕЛЕСІ

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди, «Минхә ар-Рауда әл-Әзһар фи шарх әл-Фиқһу әл-Әкбар» (256-257 бет) кітабында:

«Көпшілік Аллаһу Тағаланы кейіпсіз, пішінсіз және бағыт-бағдарсыз түсінде көруге болады деген ұстанымда. Имам Әбу Ханифаның былай деп айтқаны жеткізіледі: «Аллаһу Тағаланы тоқсан тоғыз рет көрдім, сосын тағы бір көріп жүзге болды». Бұл ұзақ әңгіме, сондықтан бұл жерде мұны айтып беру мүмкін емес. Және Имам Ахмадтың, Аллаһу Тағала одан разы болсын, былай деп айтқаны хабар етіледі: «Түсімде Раббымды көріп: «Уа, Раббым! Сенің жақын құлдарын Саған қалай жақындады?», - деп сұрағанымда, Аллаһу Тағала: «Иә, Ахмад! Менің сөзім арқылы!», - деді. Мен: «Уа, Раббым! Сенің сөзіңді түсіну арқылы ма немесе түсінбей ме?» деп қайта сұрадым. Аллаһу Тағала: «Түсініп болсын, түсінбей болсын» деді. Пайғамбардан ﷺ жеткен риуаятта: «Түсімде Раббымды көрдім». Және осы мәселеде көптеген сәләфтардан да риуаяттар келген. Бұл құрметті адамдарға арналған жүрекпен көрудің түрі, сондықтан бұны жоққа шығаруға ешқандай себеп жоқ, бірақ сонымен қатар бұл ешкімнің таңдауы бойынша болмайды».