Муғира ибн Шуғба болашақ жарына құда түскен сәтте Пайғамбар ﷺ оған: «Оны барып қара, өйткені араларындағы ынтымақ пен келісімге себеп», -деген».
1093. Муғира ибн Шуғба болашақ жарына құда түскен сәтте Пайғамбар ﷺ оған: «Оны барып қара, өйткені араларындағы ынтымақ пен келісімге себеп», -деген».
Әл-Мубаракфури өзінің «Тухфату әл-Ахуазий би шархи Джәмиғ әт-Термизи» кітабында хадистің түсіндірмесінде:
«Имам ән-Нәуәуи «Шарху Муслим» кітабында хазіретті Әбу Һурайрадан келген хадистің астында айтты: «Хадис ер адам болашақ жарына қарау мустахаб екенін көрсетеді. Бұл біздің мәзһаб және Мәлик, Әбу Ханифа мен куфалықтардың және Ахмадтың пен тағы басқа көпшілік ғалымдардың мәзһабы. Әл-Қади Ғияд ер адам болашақ жарына қарауы жөн емес деп айтқандығы келеді. Бірақ бұл пікір ашық келген хадиске және сауда-саттық, куәлік ету секілді қажеттілік жағдайларда әйелдің жүзіне қарау рұқсат деген имамдардың иджмасына қайшы.
Сосын, болашақ жардың тек жүзі мен алақанына ғана қарау рұқсат, өйткені ол екеуі әурет емес. Әйелдің жүзі сұлулықтың, ал алақаны дене-пішін (іріліктің немесе арықтықтың) көрсеткіші. Міне, осы біздің және көпшіліктің мәзһабтың ұстанымы. Әл-Әузағи: «Етті жеріне қарауға болады», - десе, (заһири мәзһабының иесі) Дәуіт: «Денесіне толықтай қарауға болады», - деді. Бұл (әл-Әузағи мен Дәуіттің пікірлері) қате пікір және сүннетің негізі мен ғалымдардың иджмасына қайшы келеді.
Біздің, Миликтің, Ахмадтың және көпшілік мәзһаб бойынша болашақ жардың (жүзі мен алақанына) қарау үшін қыздың келісімі шарт емес, бәлки ер адам болашақ жарына хабар берместен, сыртынан ұрлап қарайды.
Бірақ Мәлик айтты: «Ер адам болашақ жарының (беті мен алақанына) сыртынан ұрлап қарауын жақсы көрмеймін, өйткені байқаусызда әуретіне көзі түсіп кетуі мүмкін». Және тағы Мәликтен: «Болашақ жарының рұқсатынсыз оның (жүзі мне алақанына) ұрлап қарауға болмайды», - деген әлсіз риуаят келеді. Бұл әлсіз мәзһаб, өйткені Пайғамбар ﷺ болашақ жарын қарауға жалпылама рұқсат беріп, қыздың рұқсатын шарт етпеді. Өйткені көбінесе қыз бала өзіне қарауға рұқсат беруге ұялады»».