«Егер әйел өзіне әтір сеуіп шығып, адамдардың қасынан өтсе, онда ол әйел пәленше-пәленше», яғни, зинақор»
Хазіретті Әбу Муса Пайғамбардың ﷺ мына сөзін жеткізеді: «Әр көз зина жасайды. Егер әйел өзіне әтір сеуіп шығып, адамдардың қасынан өтсе, онда ол әйел пәленше-пәленше», яғни, зинақор» (хадисті әт-Термизи, Әбу Дәуіт және ән-Нәсәи риуаят етті).
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 1060) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«(Әр көз) яғни, бөтен әйелге шаһуатпен қараған әр көз (зина жасайды) өйткені көздің зинасы қарау немесе зинаның бастамасы. Ибн Хаджар айтты: «Яғни, әрбір көзде әдемі бейнелерге құштарлық күші бар, әсіресе оған әтір және сол сияқтылар қосылса, еркектің шаһуатын күшейтеді. Бұл көбінесе зинақорлыққа апарады, егер ол күш өз-нәпсімен күрес арқылы жойылмаса». (Егер әйел өзіне әтір сеуіп шығып) яғни, үстіне хош иіс сеуіп шығып (адамдардың қасынан өтсе) яғни, ер адамдардың қасынан өтсе, әдетте әйел мұндай жерде бірден көзге түседі. Және «адамдар» деген сөз мешіт сөзінен де ауқымдырақ мағынада. (... пәленше-пәленше) Ат-Тиби айтты: «[Сан] үшін метафора, яғни, зинақорлық алып келетін айыпты сипаттардың көптігін білдіреді. (... яғни, зинақор) өйткені хош иісімен ер адамдардың нәпсілерін оятып, өзіне қаратқандықтан, зина жасады және өзін күнәға батырды. Ер адамды өзіне қаратып, оның жүрегін бүлдірді, сондықтан егер әйел ер адамның көзбен зина жасауына себепкер болса, ол әйелдің өзі де зинақор немесе зина жасағандай болғаны. Ибн Мәлик айтты: «Бұл хадис әйелдердің әтір себінген күйі үйлерінен шығуына қатаң тыйым салу болып табылады, әйтпесе Аллаһу Тағала кейбір көздерді қарау арқылы зинадан сақтаған (мысалы, көзі түсіп қалу секілді)».