Намазда ракағат санына күмәнға түскен адамның мәселесі
«Әл-Любәб фи шархи әл-Китаб» кітабында (сәһу сәжде бабы):
▪️ Егер адам намазда ракағат санында күмәнға жиі түсетін адам болса [1], онда ойы қай жаққа басым болса, соған амал етеді. Өйткені намазда ракағат санында көп күмәнға түсетін адамның намазды қайта бастап оқуы қиындық. Бұл жағдай егер ол адамда бір тарапқа басым ойы болса [2].
[1] Егер балиғатқа жеткелі бірінші рет болса, онда намазын қайта оқиды.
[2] Яғни, намазда тұрып ракағат санында күмәнға түсті: үшінші немесе төртінші ракағат және оның басым ойы төртінші ракағат болса, онда сол басым ойын негізге алып, намазын солай аяқтайды.
▪️ Егер адамда қандай-да бір тарапты таңдайтын басым ой болмаса (50\50), онда ол нық сенімді болған нәрсеге негізделеді, яғни ең азын алады: және парыз немесе уәжіп отырысты жіберіп алмауы үшін ташаһуд отырысы болу ықтимал болған әрбір жерде отырысқа отырады, тіпті бұл ташаһуд уәжіп болсын [3].
[3]Шейх Сәид Бакдаштың түсіндірмесінен:
▪️ Егер бесін намазында бірінші немесе екінші ракағат па деген күмән болса және екі тараптың біріне басым ой жоқ: онда ол ең азын, яғни бірінші ракағат деп алады, сосын екінші ракағат болу ықтималдығы үшін ташаһудқа отырады (өйткені бұл расымен екінші ракағат болуы мүмкін, ал екінші ракағатта ташаһудқа отыру уәжіп), сосын келесі екінші ракағатты оқиды да, алдын айтқандай тағы да ташаһудқа отырады (өйткені өзінің есебі бойынша бұл екінші ракағат), сосын келесі үшінші ракағатты оқып, төртінші ракағат болу ықтималдығы үшін ташаһудқа отырады, сосын соңғы ракағатты оқып ташаһудқа отырады. Осылайша төрт отырыс жасайды: екеуі парыз отырыс ықтималдығы үшін, екеуі уәжіп отырыс ықтималдығы үшін.
▪️ Егер үшінші немесе төртінші ракағат па деген күмән болса: онда үшінші ракағат деп ең азын алады, сосын ташаһудқа отырады (өйткені соңғы отырыс болу ықтималдығы бар), сосын соңғы ракағатты оқып, сосын қайта отырады.