Егер намаздан кейін имам намазды дәретсіз оқығандығы белгілі болса, имаммен бірге жамағат та намазды қайта оқу керек пе?
• Ибраһим ибн Язид, ол Амр ибн Динардың хазіретті Әли ибн әби Толибтен жамағатқа имам болып намаз оқып, кейін намазды жүніп күйінде оқығаны есіне түскен адам туралы сұрағанда, хазіретті Әли: «Имам да, жамағат та намазын қайтадан оқиды», - деді. Имам Мухаммад «әл-Асар» (568 бет) кітабында, Ибн Әби Шәйбәнің «әл-Мусаннаф» кітабындағы риуаятында Ибраһим ибн Язид әл-Хуузий әл-Макки бар және оны имам әт-Термизи (70 бетте) хасан деді (әл-Мунзири өзінің «әт-Тарғиб» (1\100) кітабында сенімді деді).
• Мухаммад айтты: Әбу Ханифа өзінің ұстазы Хаммадтан, ол Ибраһим (ән-Нахағидің) былай деп айтқанын жеткізді: «Егер имамның намазы бұзылса, артындағы жамағаттың да намазы бұзылды» («әл-Асар», 27 бет). Мен (Шейх Ахмад Зафар әл-Усмани әл-Ханафи әл-Матуриди) айтамын: «Тізбектегі адамдардың бәрі сенімді».
• Мухаммад Абдуллаһ ибн Мубарактан, ол Яқуб ибн әл-Қағқағтан, ол Атаа ибн Раббахтың жамағатқа имам болып, кейін намазды дәретсіз оқығандығы анықталған адам туралы былай деп айтқандығы жеткізеді: «Имам да, жамағат та намаздарын қайта оқиды» («әл-Асар», 27 бет). Тізбектегі адамдардың барлығы сенімді.
• Мухаммад ибн Нуғман айтты: Яхя ибн Яхя, ол Әбу Муғаиядан, ол Ағмаштан, ол Ибраһимнен, ол Һаммам ибн әл-Харистің былай деп айтқаның жеткізеді: «Хазіретті Омар ақшам намазында (Құран оқуға ұмытып), жамағат Омармен бірге намазды қайталады». Асарды имам ат-Тахауи (1\239) жамағаттың намазы имамға тікелей байланысты екеніне дәлел ретінде келтірді және бұл хабардың тізбегі «муттасил» (яғни, тізбек үзілмеген) екенін айтты. Мен (Шейх Ахмад Зафар әл-Усмани әл-Ханафи әл-Матуриди) айтамын: «Тізбектегі адамдардың барлығы сенімді».
• Әс-Сәури Сағидтен, ол әш-Шәғбидің былай деп айтқаның жеткізеді: «(Дәретсіз намаз оқып, кейін есіне түскен) имам және артында ұйып намаз оқыған жамағат та намаздарын қайталайды». Адур-Раззақ «әл-Мусаннаф» (1\198) кітабында риуаят етті және ибн Хиббан Сағидті - ол Муслим әл-Иәшкири әл-Куфий - сенімді адамдардың қатарына қосты.
• «Тәһзиб әт-Тәһзиб» (8\323-324) кітабында: «Әбу Умама айтты: «Хазіретті Омар жамағатқа имам болып намаз оқыды, кейін жүніп екені есіне түсіп, намазды тек өзі қайталады, бірақ артында ұйыған жамағат намаздарын қайта оқымады. Хазіретті Әли Омарға: «Сенің артында ұйып намаз оқыған адамдарда намазын қайталау керек еді», - деді. Кейін хазіретті Омар өз райынан Әлидің пікіріне қайтты. Әл-Қасим айтты: «Ибн Масғудта Әли секілді пікіріді ұстанды»».
Дереккөз (толық оқимын десеңіз): Шейх Ахмад Зафар әл-Усмани әл-Ханафи әл-Матуриди, «Иғлә әс-Сунан» (4\308).