ӘУЛИЕЛЕР БҰЛ ДҮНИЕДЕ ОЯУ ХАЛДЕ КӨЗДЕРІМЕН АЛЛАҺУ ТАҒАЛАНЫ КӨРЕ АЛАДЫ МА?
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди, «Минхә ар-Рауда әл-Әзһар фи шарх әл-Фиқһу әл-Әкбар» (355-356 бет бет) кітабында:
«Әулиелер (ояу халде) Аллаһу Тағаланы бұл дүниеде көрмейді дегенге қатысты ғалымдар иджма келтіреді. Ибн Салах әбу Шәмә айтты: «Бұл дүниеде ояу халде Аллаһу Тағаланы көрдім деген адамды біз растамаймыз! Өйткені Аллаһу Тағала бұдан Муса пайғамбарды, Оған Аллаһтың игілігі болсын, Өзін көруіне тыйым салған. Біздің Пайғамбарға ﷺ қатысты мәселеде ғалымдар хиләфқа түсті. Ендеше пайғамбарлардың дәрежесіне жетпеген адамдар туралы не айтуға болады? Әл-Кәуәши «ән-Нәджм» сүресінің тәпсірінде айтты: «Мухаммадтан ﷺ басқа адам бұл дүниеде екі көзімен Аллаһу Тағаланы көреді деген нәрсеге сенген адам мұсылман емес».
Әл-Әрдәбили «әл-Әнуар» кітабында айтты: «Егер айтса: «Мен бұл дүниеде (ояу халде) екі көзіммен Аллаһу Тағаланы көрдім» немесе «Аллаһу Тағала менімен (ояу халде) сөйлесті» десе, кәпір болды».