February 22, 2025

Құныт дұғасы және оның мағынасы

Шейх Абдул-Джалил әл-Атаа әл-Ханафидің «Хайру әл-Бақия фи тахқиқ әлә әл-Мәрақи» кітабында:

«Құныт үтір намазында оқылатын дұға деген мағына. Бұл ибн Масғудтан риуаят етіледі:

«Аллаһумма...», яғни: Иә, Аллаһым!

«иннә нәстәғинукә...», яғни: Саған бойсұнуға жәрдем сұраймыз.

«уә нәстәһдикә...», яғни: Сен разы болатын жолға һидаят сұраймыз.

«уә нәстәғфирук», яғни: Сеннен біздің кемшіліктерімізді жасыруымызды және сол кемшілік себепті бізді масқараламауыңды сұраймыз».

«уә нәтубу иләйк», яғни, саған тәубе етеміз.

Тәубенің мағынасы және шарттары:

Тәубе: күнәдан қайту. Шариғи мағынасы:

  1. Жасаған күнәға өкіну.
  2. Күнәдан бас тарту.
  3. Аллаһу Тағаланың әмірін құрметтеп болашақта күнәға қайта бармауға бел байлау, егер істеген күнәсі адамның ақысымен байланысты болмаса.
  4. Ал егер бұрын жасаған күнәсі адамның ақысына байланысты болса, онда міндетті түрде олардың кешірімі мен разылығын алу керек.