Кімде-кім таразыға тартылатын нәрсе сатып алса...
• Кімде-кім таразыға тартылатын нәрсе сатып алса, бес килограмм бидай немесе арпа немесе дән, мұның екі аспектісі бар:
- Сатушы тауарды сатып алушының немесе оның өкілінің көзінше таразыға салып өлшейді және бұдан кейін сатып алушы ол затты пайдаланса рұқсат: сатса (бірақ сатар алдын сатып алушының көзінше өлшеу керек) немесе жесе немесе тағы басқа.
- Сатушы тауарды сатып алушының немесе оның өкілінің көзінше өлшемеді: тауарды сатар алдын өлшеп қойған немесе сатқаннан кейін сатып алушының немесе оның өкілінен тыс жерде өлшеді (мысалы, сатып алушы бес килограмм қияр сатып алам деді. Сатушы қиярды басқа бөлмеге барып өлшеді): енді сатып алушы ол затты өзі таразыға салып қайта өлшегенге дейін пайдалану рұқсат емес (егер пайдаланса, мәкруһ тахрим), ал егер сатып алушы оны өлшеместен басқаға сатса: саудасы фәсид¹, сосын екінші сатып алған адам оны өзі өлшесе, бәрібір сауданы дұрыстығы қайта келмейді (яғни, сауда фәсид болып қала береді).
• Егер сатушы тауарды бір адамның көзінше сауда алдын өлшесе, сосын сол адамға соны өлшеместен сатса (мысалы, адам дүкенде жай ғана тұр еді, саудагер оның көзінше бес килограмм қияр өлшеп пакетке салып қойды. Сосын әлгі адам дәл сол пакеттегі қиярды сатып алды): сатып алушы ол затты өзі қайта өлшегенге дейін пайдалану рұқсат емес².
Аудрармашыдан қосымша: Және дара (жұмыртқа секілді штучный сатылатын) нәрсе сатып алса да өлшенетін нәрсе сияқты, яғни, сатушы сатып алушының алдында санап беруі керек («әл-Муджтаба», сауда бабы («Дару ар-Райхан» баспасы 3\52)).
¹Фәсид сауда - сауданың асылы дұрыс, бірақ сипаты дұрыс емес. Яғни, сатып алынған нәрсе сатып алушының, сатушыға сатып алушының берген ақшасы мүлкіне өтеді. Бірақ бұл сауданы бұзып, сауданы қайта құру уәжіп (яғни, сатып алушы тауарды, сатушы ақшаны бір-біріне кері қайтарып, сауда актісін қайта жасау уәжіп). ² Мысалы, сіз таразыға салынып сатылатын нәрсе алдын-ала өлшеніп, пакетке салынып тұрғанын сатып алдыңыз және сатушы ол пакетті сіздің көзіңізше таразыға қайта салып өлшемеді, онда сіз оны пайдаланбас бұрын өзіңіз өлшеуіңіз уәжіп, егер өлшеместен жесеңіз мәкруһ тахрим.
Үмметтің данасы Шейх Ашраф Әли әт-Тәһәнәуй әл-Ханафи әл-Матуриди, «Бәһишти Зиуәр», 365-366 бет.