«Жаһилия» заманы қай уақыт аралығын қамтиды?
Имам Ибн Кәмәл Баша әл-Ханафи әл-Матуриди өзінің тәпсірінде ﴾«Жаһилия» (Исламнан бұрынғы надандық) дәуіріндегідей сәнденіп, сымбат-көріктеріңді ел-жұртқа паш етіп шықпаңдар﴿ деген аяттың тәпсірінде айтты:
««Жаһилия» уақыты Ибарһим пайғамбар, оған Аллаһтың сәлемі болсын, дүниеге келген уақыт. Ол уақытта әйелдер маржан жейделерін киіп, көшенің қақ ортасында жүріп, өздерін ерлерге ұсынатын.
Сондай-ақ, «жаһилия» бұл Адам мен Нұх пайғамбарлардың, оларға Аллаһтың сәлемі болсын, арасындағы уақыт деп айтылды.
Сондай-ақ бұл Ідіріс пен Нұх пайғамбарлардың, оларға Аллаһтың сәлемі болсын, арасындағы уақыт деп те айтылды.
Дәуіт пен Сүлейменнің пайғамбарлардың, оларға Аллаһтың сәлемі болсын, заманы деп те айтылды.
Басқа жаһилият – Иса мен Мухаммадтың, оларға Аллаһтың сәлемі болсын, арасындағы уақыт.
Бәлкім, бірінші жаһилия – Исламнан бұрынғы күпірлік жаһилиясы болса, екінші жаһилия – Исламдағы азғындық уақыты болуы мүмкін. Яғни, күпірлік жаһилиясының адамдарына еліктеп, Исламда арсыздық жаһилиясын жасамаңдар.
Бұған Аллаһтың Елшісінің ﷺ Әбу әд-Дардаға, оған Алла разы болсын: «Сенде жаһилият бар», – деп айтқаны дәлел болады. Ол: «Бұл күпірлік жаһилияты ма, әлде Ислам жаһилияты ма?» - деп сұрады. Ол ﷺ: «Жоқ, күпірлік жаһиляты», - деді».