October 9

«Тек үш мешітке бару үшін арнайы сапарға шықса болады...»

«Тек үш мешітке бару үшін арнайы сапарға шықса болады – әл-Харам Мешітіне, менің мешітіме және әл-Ақса мешітіне» (Муслим 1397).

Осы хадисті негізге алған хауаридж-уаһабилер әулиелердің қабірі мен шарапатты/қасиетті жерлерге арнайы сапар шегуге тыйым салып, харам деді. Уаһабилер тіпті Пайғамбарымыздың ﷺ қабірін зиярат ету үшін арнайы сапарға шығуды харамға шығарып, ислам үмметінің иджмасына қарсы шықты. Енді осы хадисті хауаридж-уаһабилер дұрыс түсініп жүр ме, соны көрейік.

Хадисті тіл бойынша қарастыратын бослақ, онда қабірді зиярат етуге еш қатысы жоқ екенін көреміз. Хадисте «үш мешіттен басқа» деп келген, бұл жерде қалайша қабір түсініледі (араб тілін білетін адамдар الإستثناء бабын қараса болады)? Түсінікті болу үшін мысал келтірейік: Мен бір адамға «аулада тек Айдос бар» деп айтсам, ол қалай түсінеді? Аулада ешқандай тіршілік: өсімдік, жануар, жәндік және сол сияқты еш нәрсе жоқ, тек қана Айдос бар деп түсіне ме немесе Айдостан басқа АДАМ жоқ деп түсіне ме? Әрине, әрбір ақыл есі дұрыс адам аулада Айдостан басқа АДАМ жоқ деп түсінеді. Неге? Өйткені бір нәрсені нақтылап, ерекшелеп айтсақ, онда тек сол жыныстан болған нәрсені ғана жоқ деп түсіну тілдің заңы! Араб тіліде сол секілді (истиснә дейді). Егер «үш мешіттен басқа» деп айтылды ма, онда басқа мешітке арнайы сапар шегуге болмайтындығы түсініледі, қабірге зиярат емес! Тағы бір мысал, мен Айдосқа «мына мешітте ғана намаз оқы» деп айтсам, менің сөзімнен «мына мешітте ғана намаз оқы, қабірде намаз оқыма» деген мағына емес, «мына мешіттен басқа МЕШІТТЕ намаз оқыма» деген мағына шығады. Араб тіліде солай (истиснә тек өз жынысына ғана жасалады). Әһлу сунна ғалымдары жоғарыдағы хадисті дәл осылай түсінген, яғни хадистің қабірді зиярат етуге еш қатысы жоқ деген. Мына “қубурист” (қабірге табынушы) не деп кетті деген ой келмес үшін, танымал мухаддистердің жоғарыдағы хадиске, Алла қаласа, бірнеше түсіндірмелерін келтіріп кетейік.

Хадис ілімінде мұсылмандардың әмірі атанған, шейхул-хадис, хафиз, имам ибн Хаджар әл-Әсқәләни өзінің «Фәтху әл-Бәрри» (66/3) кітабында жоғарыда келтірген хадистің түсіндірмесінде айтты:

قال الحافظ أحمد بن حجر العسقلاني في شرحه لحديث: " لا تشد الرحال " في كتابه: " فتح الباري شرح صحيح البخاري (3 / 66)

ومنها أن المراد حكم المساجد فقط ، وأنه لا تشد الرحال إلى مسجد من المساجد للصلاة فيه غير هذه الثلاثة ، وأما قصد غير المساجد لزيارة صالح ، أو قريب ، أو صاحب ، أو طلب علم ، أو تجارة ، أو نزهة فلا يدخل في النهي.

لا تشد الرحال إلى مسجد للصلاة فيه إلا إلى الثلاثة ، فيبطل بذلك قول من منع شد الرحال إلى زيارة القبر الشريف وغيره من قبور الصالحين ، والله أعلم.

«Бұл жердегі тыйым басқа мешіттерге қатысты, яғни хадистің мағынасы «үш мешіттен басқа мешітке арнайы намаз оқу үшін сапарға шықпаңыздар». Бұл хадис тақуа адамдарды, туыстарды, достарды зиярат ету үшін немесе білім алуға немесе сауда жасауға немесе саяхаттауға қатысы жоқ.

Хадистегі «үш мешіттен басқа мешітке намаз оқу үшін сапарға шықпаңыздар» деген мағына, шарапатты қабірлерді және сол сияқты әулиелердің қабірін зиярат ету үшін сапарға шығудан қайтарған адамдардың сөздерін жойды. Аллаға мәлім».

Хафиз ибн Хаджар әл-Әсқәләни басқа «әт-Тәлхис әл-Хабир» кітабында жоғарыда келтірілген хадиске тоқтала айтады:

قالَ الحافِظُ ابْنُ حَجَرٍ العَسْقَلانِيُّ في التَلْخِيصِ الحبيرِ:... ومَنْ فَهِمَ مِنْ هَذا الحَدِيثِ مَنْعَ السَّفَرِ لِزِيارَةِ الْمُصْطَفَى صَلّى اللهُ عليه وسلَّمَ أَوْ زِيارَةِ القُبُورِ فَقَدْ وَهِمَ وما فَهِمَ.

«...Кімде-кім жоғарыдағы хадистен Пайғамбарымыздың ﷺ қабірін немесе басқада (шарапатты) қабірлерді зиярат ету үшін сапарға шығудан тыю деп түсінсе, онда ол адам қателесті».

Дәл осы хадистің түсіндірмесінде ғұлама ғалым, имам Бадруддин әл-Ғайни өзінің Бухариге жазған «Ғумдату әл-Қари» (7/254) түсіндірмесінде айтады:

قال الإمام العلامة بدر الدين العيني في شرحه على البخاري المسمى بعمدة القاري (7 / 254) عند الكلام على حديث " لا تشد الرحال ":وقال شيخنا زين الدين: من أحسن محامل هذا الحديث أن المراد منه حكم المساجد فقط وأنه لا يشد الرحل إلى مسجد من المساجد غير هذه الثلاثة فأما قصد غير هذه المساجد من الرحلة في طلب العلم وفي التجارة والتنزه وزيارة الصالحين والمشاهد وزيارة الإخوان ونحو ذلك فليس داخلا في النهي.

«Шейхымыз Зәйнуд-Дин айтты: «Бұл хадистің ең жақсы түсіндірмесі, бұл жерде тек қана үш мешіттен басқа мешіттерге арнайы намаз оқу үшін сапарға шықпау мағынасы мұрат етілген. Ал мешіттен басқа: білім талап ету, сауда, саяхат, тақуа адамдарды зиярат ету, тамашалу, бауырларды зиярат ету сияқты мақсатпен сапарға шығу - хадистегі тыйымға кірмейді».

Ибн Қудама әл-Мақдиси әл-Ханбали (ханбали мәзһабының фиқһта негізгі кітабы болып есептелетін) «әл-Муғни» (2/52) кітабында айтады:

وفي المغني لابن قدامة (٥٢/ ٢) المغني: «(فصل) فإن سافرلزيارة القبور والمـشاهد فقـال ابـن

عقيل لا يباح له الترخصلأنهمنهي عن السفرإليها قال النبي ﷺ لا تشد الرحـال

إلا إلى ثلاثة مساجد متفق عليه والصحيح إباحته وجوازالقصر فيه لأن النبـي ﷺ

كان يأتي قباء راكبا وماشيا وكان يزورالقبور وقال زوروها فإنها تذكركم الآخـرة

وأما قوله ﷺ» لا تشد الرحال إلا إلى ثلاثةمساجد فيحمل عـلى نفـي التفـضيل لا على التحريم».

«Ал қабірлерді зиярат ету үшін сапарға шығуды ибн Ғақил рұқсат емес деді, өйткені Пайғамбарымыз ﷺ «үш мешіттен басқасына сапарға шықпаңыздар» деген хадисіне жүгінген. Дұрыс/сахих көзқарас бойынша қабірді зиярат ету үшін сапарға шығу рұқсат және сапарда намазын қысқартады. Өйткені Пайғамбарымыз ﷺ Қуба мешітіне жаяу немесе жануарға мінген күйі баратын және қабірлерді зиярат етіп, айтатын: «Қабірлерді зиярат етіңдер, өйткені ақыретті еске түсіреді».

Ал Пайғамбарымыздың ﷺ үш мешіттен басқаға арнайы сапарға шығуға тыйым салуы, басқа мешітке сапарға шығу харам дегенді білдірмейді, сапарға шықпаған абзал екенін білдіреді».

Хауаридж-уаһабилер бұл хадис мағынасы тек мешітті емес, сонымен қатар басқа барлық жерлерді, соның ішінде қабірлерге зиярат ету үшін сапарға шығудан қайтарған деп кейбір ғалымдардың уәждерін айтулары мүмкін. Біз оларға шейхул-Ислам имам ән-Нәуәуйдің Муислимге жазған түсіндірмесінде жазған жауабын береміз:

قال الإمام النووي في شرحه على صحيح مسلم:

[وفي هذا الحديث: فضيلة هذه المساجد الثلاثة، وفضيلة شد الرحال إليها، لأن معناه عند جمهور العلماء: لا فضيلة في شد الرحال إلى مسجد غيرها. وقال الشيخ أبو محمد الجويني من أصحابنا: يحرم شد الرحال إلى غيرها وهو غلط] اهـ

«Бұл хадисте: Үш мешіттің абзалдығы және осы үш мешітке арнайы сапарға шығу абзал екені айтылған. Өйткені джумһур (көпшілік) ғалымдардың алдында бұл хадистің мағынасы: «Үш мешіттен басқа мешітке сапарға шығу абзал емес» деген. Біздің мәзһаб ғалымы Шейх Әбу Мухаммад әл-Джуәйни айтты: «Үш мешіттен басқа барлық жерге сапарға шығу харам» деді, бірақ бұл қате пікір».

Көріп отырғанымыздай, шарапатты қабірлерді зиярат ету үшін арнайы сапарға шығу “сопылардың” ойдан шығарғаны емес, бәлки ДЖУМҺУР ғалымдардың пікірі бойынша рұқсат.

Ибн Хаджар әл-Әсқәләнидің сөзімен («Фәтху әл-Бәрри», 66/3) аяқтауды жөн көрдім.

قال الحافظ أحمد بن حجر العسقلاني في شرحه لحديث: "لا تشد الرحال" في كتابه: "فتح الباري شرح صحيح البخاري (3/66): [والحاصل أنهم ألزموا ابن تيمية بتحريم شد الرحل إلى زيارة قبر سيدنا رسول الله صلى الله عليه وسلم وأنكرنا صورة ذلك, وفي شرح ذلك من الطرفين طول , وهي من أبشع المسائل المنقولة عن ابن تيمية , ومن جملة ما استدل به على دفع ما ادعاه غيره من الإجماع على مشروعية زيارة قبر النبي صلى الله عليه وسلم ما نقل عن مالك أنه كره أن يقال: زرت قبر النبي صلى الله عليه وسلم.

وقد أجاب عنه المحققون من أصحابه: بأنه كره اللفظ أدبا لا أصل الزيارة فإنها من أفضل الأعمال وأجل القربات الموصلة إلى ذي الجلال وإن مشروعيتها محل إجماع بلا نزاع , والله الهادي إلى الصواب.

«Қысқасы, олар Ибн Таймия Пайғамбарымыздың ﷺ қабірін зиярат ету үшін сапарға шығуға тыйым салғанын айтты және біз ол пәтуәны бұрысқа шығардық. Бұл мәселе бойынша екі жақтан да көптеген түсініктемелер бар. Бұл Ибн Таймиядан жеткен өте жиіркенішті пікірлердің бірі. Қабірді зиярат етудің рұқсат етілгендігі туралы иджманы теріске шығару үшін қолданылған дәлелдерге имам Мәликтің сөздерін қолданды, имам Мәлик былай деп айту орынды емес деген: «Мен Пайғамбардың ﷺ қабірін зиярат еттім».

Бірақ, расында, имам Мәликтің шәкірттерінің ішінен мухаққиқтер (ғалым зерттеушілер) оған зираттың өзі емес, әдепті білдіретін сөздің өзін жағымсыз деп санайтынын айтқан. Расында, зиярат ету – Алла Тағалаға жақындаудың ең жақсы амалдарының бірі және ең үлкен құралы. Мұның заңдылығын даусыз иджма растайды. Тура жолға салушы Алла Тағала».

Хауаридж-уаһабилер Пайғамбарымыздың ﷺ қабіріне арнайы сапар шегуге болмайды, бірақ Пайғамбарымыздың ﷺ мешітінде намаз оқуды ниет етіп, кейін барып Пайғамбарымызды ﷺ зиярат етсе болады дейді. Олардың бұл уәждеріне ханбали мәзһабының фақиһы, хафиз ибн Раджаб әл-Ханбали былай жауап береді:

Әбу Зурға әл-Ирақи «Тарху әт-Тәсриб» (43/6) кітабында әкесі Хафиз Уәлиуллаһ әл-Ирақи мен хафиз ибн Раджаб әл-Ханбали (Алла оларды рақымына алсын) Пайғамбарымыздың ﷺ мубарак қаласына жақындаған уақытта араларында болған оқиғаны жеткізеді:

قال الحافظ أبو زرعة العراقي في طرح التثريب (6 / 43) :

[وكان والدي (أي الحافظ الكبير ولي الله العراقي) رحمه الله تعالى يحكي أنه كان معادلا للشيخ زين الدين عبد الرحيم بن رجب الحنبلي في التوجه إلى بلد الخليل عليه السلام فلما دنا من البلد قال: نويت الصلاة في مسجد الخليل ليحترز عن شد الرحل لزيارته على طريق شيخ الحنابلة ابن تيمية , قال: فقلت: نويت زيارة قبر الخليل عليه السلام ,ثم قلت له: أما أنت فقد خالفت النبي صلى الله عليه وسلم لأنه قال:" لا تشد الرحال إلا إلى ثلاثة مساجد "وقد شددت الرحل إلى مسجد رابع ,وأما أنا فاتبعت النبي صلى الله عليه وسلم لأنه قال:"زوروا القبور" أفقال إلا قبور الأنبياء؟ قال: فبهت.] اهـ

«Хафиз Уәлиуллаһ әл-Ирақи: «Пайғамбарымыздың ﷺ мешітінде намаз оқуға ниет еттім, Ханбали мәзһабының шейхы ибн Тәймияның «қабірді зиярат ету үшін сапарға шығудан қайтарған пәтуәсын ұстана отырып» деді». Мұны естіген хафиз ибн Раджаб әл-Ханбәли: «Пайғамбарымыздың ﷺ қабірін зиярат етуді ниет еттім», деді. Мен (әл-Ирақи) ибн Раджаб әл-Ханбәлиге: «Сен Пайғамбарымыздың ﷺ мына хадисіне қайшы келдің ғой: «Үш мешіттен басқа мешітке арнайы сапар шекпеңіздер» дедім. Ибн Раджаб әл-Ханбәли маған: «Мен үш мешіттен басқа төртінші мешітке сапарға шықтым ба? Керісінше, мен Пайғамбарымыздың ﷺ артынан ердім, өйткені Пайғамбарымыз ﷺ айтты: «Қабірлерді зиярат етіңіздер» деді немесе «Пайғамбарлардың қабірінен басқа қабірлерді зиярат етіңдер» деді ме?» деп жауап берді. (Әл-Ирақи): «(ибн Раджаб әл-Ханбәлидің біліміне) қайран қалдым».

Кезінде ибн Тәймия Пайғамбарлардың қабірі мен шарапатты мекендерді зиярат ету үшін арнайы сапарға шығуға тыйым салған пәтуәсы үшін шариғат сотымен сотталып, қамауға алынған болатын және ендігәрі кімде-кім ибн Тәймия секілді пәтуә берсе, онда ол адамды қамауға алыну керек деп шешім шығарған (қараңыз: шейх Тәқид-Дин әл-Хисни, «Дәфғу шубаһ мән шәббәһә уә тәмәррад»).

Қорытынды (қазақша айтқанда): хадисте басқа мешітке намаз оқу үшін арнайы сапардан қайтарудың мақсаты: үш мешіттен басқа мешіттерде оқылған намаздың сауабы бір ғой, сондықтан алысқа барып шаршамай-ақ қой дегенге келеді.

Алла баршамызға тауфиқ берсін! Амин.