September 29

﴾(Уа, Мұхаммед! Оларға): «Егер де әкелерің, балаларың, бауырларың, жұбайларың, туған-туыстарың, тапқан-таянған мал-пұлдарың, тоқтап тоқырауға ұшырауынан қорқатын сауда-саттық кәсіптерің...﴿.

(Уа, Мұхаммед! Оларға): «Егер де әкелерің, балаларың, бауырларың, жұбайларың, туған-туыстарың, тапқан-таянған мал-пұлдарың, тоқтап тоқырауға ұшырауынан қорқатын сауда-саттық кәсіптерің және өздеріңе ұнайтын үй-жайларың сендер үшін Аллаһтан, пайғамбарынан және Оның жолындағы күрестен сүйікті һәм маңызды болса, онда Аллаһтың пәрменін (алапат азабын) күтіңдер. Аллаһ (қу дүниені жанындай жақсы көретін) азғын қауымды әсте тура жолға салмайды (әрі оларды екі дүниеде де шын бақытты қылмайды)», – деп айт﴿. «Әт-Тәубә» сүресі, 24-аят.

Тура жолдың имамы болған Имам Әбу Мансур әл-Матуриди әл-Ханафи (һ. 333 ж.қ) - Аллаһ оған разы болын - өзінің әйгілі «Тәуиләт әһли әс-сунна» тәпсірінде аяттың түсіндірмесінде айтты:

«Аллаһу Тағаланың: ﴾(Уа, Мұхаммед! Оларға): «Егер де әкелерің, балаларың, бауырларың, жұбайларың, туған-туыстарың, тапқан-таянған мал-пұлдарың, тоқтап тоқырауға ұшырауынан қорқатын сауда-саттық кәсіптерің және өздеріңе ұнайтын үй-жайларың сендер үшін Аллаһтан, пайғамбарынан және Оның жолындағы күрестен сүйікті һәм маңызды болса, онда Аллаһтың пәрменін (алапат азабын) күтіңдер. Аллаһ (қу дүниені жанындай жақсы көретін) азғын қауымды әсте тура жолға салмайды (әрі оларды екі дүниеде де шын бақытты қылмайды)», – деп айт﴿ деген сөзі – жоғарыда өткен ﴾Иман келтіріп, Аллаһ үшін қоныс аударған һәм Аллаһ жолында дүние-мүлкін де, шыбын жанын да аямай күресетіндер Аллаһтың алдында ең жоғары мәртебеге ие. Нағыз жетістікке жеткендер – солар﴿ («әт-Тәубә» сүресі, 20-аят) деген аятқа қарсы мағынада айтылған.

Аллаһу Тағаланың: ﴾«Егер де әкелерің, балаларың бауырларың, жұбайларың, туған-туыстарың, тапқан-таянған мал-пұлдарың, тоқтап тоқырауға ұшырауынан қорқатын сауда-саттық кәсіптерің және өздеріңе ұнайтын үй-жайларың сендер үшін Аллаһтан, пайғамбарынан және Оның жолындағы күрестен сүйікті һәм маңызды болса﴿ яғни: егер олар сендерге Аллаһ пен Оның Елшісінің әмірін орындаудан, Аллан пен Оның Елшісінің разылығын алудан және Аллаһ жолындағы жиһадтан гөрі артық болса – ﴾онда Аллаһтың пәрменін (алапат азабын) күтіңдер﴿».