Ар-Рабита
Нақшбандия тариқатындағы кең таралған амалдардың бірі – рабита (яғни, байлану). Бұл шың жүрекпен кәміл және (рухани дәрежеде) кемелдікке жеткен шейхпен байлану. Адамның жүрегі әрдайым қандай да бір нәрсеге байланысты болады: біреу мал-дүниесіне, біреу әйелдерге, біреу достары мен жақсы таныстарына және т.б. нәрселерге. Рабита (байланыс) сопылық терминологияда бұл (дүниеге деген) байланысты шын жүректен жоққа шығарып және оны жүректен шығарып, оны шейхпен байланыстыру және әрдайым онымен (яғни, шейхымен) бірге болғандай елестету. Ой\пікірді сүйіспеншілікпен қандай-да бір іске байланыстыру, әсіресе егер бұл ой\пікір адамның жүрегін жаулап алса, онда бұл іс сол адамның жүрегінде іске асады: егер бұл (яғни, жүрегіндегі пікір\ой) құптарлық істе болса - құптарлық, айыпты істе болса - айыпты екені белгілі.
Тақуа адамдармен серіктес болу - кесімді болған (яғни, Құран аятынан болған) дәлелдер бұның ең қатаң түрде талап етілгенін көрсетеді. Рабита - қиялдау арқылы (тақуа адаммен) серіктес болудан басқа ештеңе емес және кейбір құрметтілер Аллаһу Тағаланың: {Шыншылдармен бірге болыңдар!} («Тәубе», 119-аят) деген сөзіндегі «бірге болу» деген жалпылама мағынаны қамтиды - денемен болсын, не қиялмен болсын. Рабитаның пайдасы - оның жетекшілігімен оның ұлылығына қол жеткізу және әрдайым онымен бірге болу арқылы әмірлеріне мойынсұну мен тыйымдарынан аулақ болу және оның ахлағын ұстану және оның басшылығымен оған еру арқылы оның махаббатына ие болу. «Әл-Баһджату ас-Сунния» кітабында: «Сүннеттегі рабитаға дәлелге келетін болсақ, әл-Бухари біздің мырзамыз Әбу Бәкір әс-Сыддықтың, оған Аллаһ разы болсын, тіпті қажетін өтейтін жерде де (жүрегімен) Пайғамбардан ﷺ ажырамайтынына шағымданып, бұл үшін ұялатының айтқан». Бұл (яғни, хазіретті Әбу Бәкірдің әрдайым Пайғамбармен ﷺ болуы) қиялға сәйкес және бұл күйді сопылар: рабитаға толық еніп кету деп атайды (яғни, әрдайым ойлаған нәрсесімен бірге болу). Сөздеріне мән берілмейтін кейбір арандатушылар бұл байланысты ширк дейді.
Егер рабита ширк болса, онда жер бетінде таухид ұстанатын ешкім қалмайды, өйткені адамның жүрегі\пікірі\ойы әрдайым қандай да бір нәрсемен байланыста болудан ада емес. Содан кейін шейх Хусейн әл-Дусари, «ар-Рахмату әл-Һабита фи зикри исм әз-зәт уә ар-рабит» атты кітабының үшінші тарауын былай дейді: «Үшінші тарау. Таңдаулы адамдардың рабита жасау көрінісі және адамдар қаласа да, қаламаса да рабитаның дұрыс екендігін баяндайтын бап». Біз осымен ғана шектелсек те жетерлік. Бұл мәселеге терең кіруді қалаған муридке Имам Раббанидің «Мактубатының» бірінші томының хашиясына және осы жинақтың төртінші бетіне сілтеме жасаймыз.
Мәуләнә Шейх Халид ән-Нақшбанди, «Буғияту әл-Уәджид», 386-388 бет.