December 30, 2024

Бесіннің алғашқы төрт ракағат сүннетін бір сәлеммен төрт ракағат қылып оқу мәселесі  

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди өзінің «Фәтху баб әл-Ғиная» кітабында (нәпіл намаздар):

Айша анамыздан, Аллаһ одан разы болсын: «Пайғамбар ﷺ бесін намазының парыз алдын үйде төрт ракағат намаз оқып, мешітке барып жамағатпен оқитын. Сосын үйге келіп (соңғы) екі ракағат сүннетін оқитын» (хадисті Муслим жеткізді, 730).

Имам Мухаммадтың ибн әл-Хасанның «әл-Муатта» кітабында айтты: «Бізге Букир ибн Амир әл-Бәджәли, ол Ибраһим әш-Шәғбиден, ол Әбу Аюб әл-Ансариден, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбар ﷺ бесін намазы кіргеннен кейін төрт ракағат намаз оқитының жеткізді. Әбу Аюб әл-Ансари, Аллаһ оған разы болсын, бұл туралы сұрағанда: «Өйткені бұл уақытта аспан есіктері ашылады, сол уақытта маған береке болғанын қалаймын», - деді. Мен: «Төрт ракағаттың барлығында Құран оқылады ма?», - деп сұрағанымда, ол ﷺ: «Иә», - деп жауап берді. Мен: «Төрт ракағаттығ ортасын сәлеммен бөлеміз бе?», - сұрадым. Ол ﷺ: «Жоқ», - деді». Әбу Дәуіт «әс-Сунән» жинағында және ибн Маджа мен имам әт-Термизи «әш-Шәмәил» кітабында Әбу Аюб әл-Ансариден және басқасынан риуаят еткен.