Ибн Тәймия «Рабита туралы».
Ибн Тәймия өзінің «Мәджмуғу әл-Фәтәуә» (10/606) кітабында «Рабита» туралы айтты:
«Егер адамды Аллаһ разылығы үшін жақсы көрсеңіз, Аллаһтың өзін жақсы көргендей болып, әлгі адамды жүрегіңізде елестеткен сайын Аллаһты сезіне бастайсыз және Аллаһқа деген сүйіспеншілігіңіз арта түседі. Сол сияқты егер Пайғамбарды ﷺ, одан бұрынғы пайғамбарлар мен олардың салиқалы сахабаларын еске алсаңыз, бұл сіздің жүрегіңізді Аллаһқа деген сүйіспеншілікті арттырады. Егер оларды Аллаһ үшін жақсы көрсеңіз, бұл сіздің жүрегіңізді Аллаһтың сүйспеншілігіне тартады. Кімде-кім біреуді Аллаһ үшін жақсы көрсе, Аллаһ оның сүйіктісі және ол оның Аллаһу Тағаланың сүйіспеншілігіне тартылғанын қалайды. Аллаһ үшін жақсы көрген де, Аллаһ үшін жақсы көрілген де Аллаһқа тартады».