September 26

Абдуллаһ ибн Амр ақыл ақыл толмаған балдарына тұмар жазып, мойындарына іліп қоятын.

Бізге Муса ибн Исмаил, Хаммад, ол Мухаммад ибн Исхақтан, ол Амр ибн Шуғайбтан, ол әкесінен, ол атасынан жеткізді: «Аллаһ Елшісі ﷺ оларға қорқыныш кезінде мына сөздерді үйрететін: «Аллаһтың қаһарынан, Оның құлдарының жамандығынан және шайтандардың азғырулары мен олардың маған жақындауынан Аллаһтың кемел сөзіне сиынамын» («әғузу би-кәлимәтилләһит-тәммәти мин ғадабиһи, уә шәрри ғибәдиһ, уә мин һәмәзәтиш-шәйатыйни уә ән йахдурун»).

Абдуллаһ ибн Амр ақыл толған өз ұлдарына осыны үйрететін, ал ақыл толмаған балдарына жазып, мойындарына іліп қоятын».

Үлкен мухаддис имам Халил Ахмад әс-Сәһәранфури әл-Ханафи әл-Матуриди өзінің әйгілі «Бәзл әл-Мәджһууд фи халли сунан Әбу Дәуд» кітабында (3893-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(Бізге Муса ибн Исмаил, Хаммад, ол Мухаммад ибн Исхақтан, ол Амр ибн Шуғайбтан, ол әкесінен, ол атасынан) Абдуллаһ ибн Амрден (жеткізді: «Аллаһ Елшісі ﷺ оларға) түнде немесе басқа уақытта (қорқыныш кезінде мына сөздерді үйрететін: «Аллаһтың қаһарынан)— Оның ашуына ұшырататын күнәлі істерден Аллаһқа сыйыну, (Оның құлдарының) яғни, пасықтардың (жамандығынан және шайтандардың азғырулары мен олардың маған жақындауынан Аллаһтың кемел сөзіне сиынамын») өйткені Аллаһтың сөздерінде ешбір кемшілік немесе ақау болмайды. Тағы бір көзқарас бойынша, «толық» дегені — бұл сөздердің (дұғалардың) толықтай әсері бар, яғни олар барлық апат пен зияннан қорғайды деген мағынаны білдіреді.

(Абдуллаһ ибн Амр ақыл толған өз ұлдарына осыны үйрететін, ал ақыл толмаған балдарына) — яғни әлі ақыл мен жаттап алу деңгейіне жетпеген болса, қағазға (жазып, мойындарына іліп қоятын»). Бұл – дұға жазып, тұмар ретінде тағудың рұқсат екеніне дәлел».