May 11

Құрбандық кітабы

▪️ Малды құбылаға қаратып жатқызып, өткір пышақпен бауыздау сүннет.

▪️ Бауыздағанда төрт нәрсе кесілу керек: тыныс алу жолын, өңеш және қан жүретін екі үлкен артерияны; егер осының үшеуін кессе, мал еті адал болады (өйткені көбі кесілумен, барлығы кесілген болады); егер екеуін кесіп, келесі екуін кеспесе, онда мал еті харам.

▪️ Егер қасапшы «бисмилләһ» сөзін әдейі тәрк етсе, онда сойған малы өлексе және оны жеуге болмайды; егер ұмыту себепті тәрк етсе, онда ол малдың етін жеу рұқсат.

▪️ Малды өтпейтін пышақпен бауыздау және жаны толық шықпастан мойының сындыру немесе терісін сылып алу секілді үзірсіз азап беру мәкруһ.

▪️ Малдың жаны толық шықпай тұрып басын кесіп алу мәкруһ (ісі мәкурһ болады, еті емес), бірақ егер солай істесе, онда мал еті харам болмайды.

▪️ Мұсылман сойған мал еті адал, мейлі ер адам сойсын немесе әйел сойсын, мейлі дәретті\ғұсылды болсын немесе дәретсіз\жүніп болсын; мүшрік пен мәжүс сойған мал адал емес.

▪️ Малды қамыстың\құрақтың өткір қабығымен немесе (мрамор секілді жылтыр) өткір таспен және тағы сол сияқты кез-келген өткір, қанын ағызатын (яғни, кесетін) нәрсемен бауыздау рұқсат:

Үмметтің данасы Шейх Ашраф Әли әт-Тәһәнәуй әл-Ханафи әл-Матуриди, «Бәһишти Зиуәр», 409 бет.