«Бұл үмметтің соңында алғашқылардың сауабындай сауап болатын адамдар алатын...»
Абдур-Рахман ибн әл-Алаа әл-Хадрами риуаят еткен хадисте: «Маған Пайғамбардың ﷺ былай деп айтқанын естіген біреу айтты: «Бұл үмметтің соңында алғашқылардың сауабындай сауап алатын адамдар болады. Олар жақсылыққа бұйырады, жамандықтан тыяды және бүлікшілермен күреседі». Екеуін де әл-Байһақи «Дәләил ан-Нубуаһ» кітабында жеткізген.
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 6289) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«(«Маған Пайғамбардың ﷺ былай деп айтқанын естіген біреу айтты) әкесі немесе басқа адам болу мүмкін: («Бұл үмметтің соңында алғашқылардың сауабындай сауап алатын адамдар болады. Олар жақсылыққа бұйырады, жамандықтан тыяды және бүлікшілермен) яғни, (елді шариғатқа сай басқаратын әділ) патшаға бас көтергендермен, хауариждермен, рауафидилермен және тағы басқа бидғатшы топтармен қолдарымен және пікір талас (немесе қаламмен) (күреседі»). (Екеуін де) яғни, алдыңғы бапта келген екі хадисті де (әл-Байһақи «Дәләил ан-Нубуаһ» кітабында жеткізген).»