April 20

Қайыр сұрау және оларға садақа беру мәселесі

«Сұраушы адам беруші адамның ықыласымен\ разылығымен берген нәрсесін ғана алу керек. Егер сұраушы адам біреуден қандайда бір дүниені жұрттың көзінше сұраса және сұралған адам сұраушыға қасында тұрған адамдардан ұялғаннан берсе, онда әлгі дүние сұраушыға халал болмайды.

Егер кедей кәсіп қылуға шамасы жетпесе, бірақ үй аралап қайыр сұрауға шамасы жетеді: онда үй аралап қайыр сұрауға міндетті (өйткені өзін өлімнен құтқару керек, бірақ кәсіп қылуға шамасы жеткен бойда қайыр сұрау оған рұқсат емес), тіпті егер қайыр сұрамай өліп кететін болса: күнәкар болады; егер пақыр адам үйінен сыртқа шығуға шамасы болмаса, онда халық оған өліп кетпейтін\құлшылығын жасайтын деңгейде жәрдем көрсетуге міндет (егер халық жәрдем бермей өліп кетсе, онда халық күнәкар болады).

Кімде-кім өзін мұқтаж, тақуа, білімді, құрметті ретінде көрсетіп адамдардан ақша алса, бірақ шындығында ол адам ондай емес: алған дүниесі харам болады.

Қайыршыны үйден қуып жібермейді, егер оған берер ешнәрсе таппаса: «Аллаһу Тағала бізге де, сендерге де ризық-несібесін берсін», - деп айтады; қайыршыға берген садақасын санамайды, одан алғыс сөз, дұға, рахмет пен мақтау сөздер күтпестен делдалсыз, өз қолымен береді; және адамдардан табандылықпен қайыр сұрап, жеген асында ысырап ететін қайыршыға садақа беруде әбестік жоқ, әйтседе бермеген абзал; егер садақа сұраушының бай немесе алған садақасын күнәға жұмсайтыны анық білінбесе, онда садақаны ол адамның қиындығын жеңілдету ниетімен береді; жалпы садақа беруші өз еркі: қаласа садақа береді, қаласа бермейді (өйткені садақа беру мәндуб).

Мұқтаждарға құлдың құнындай садақа беру құлды азат еткеннен абзал (бұл Әбу Юсуф пен Мухаммадтың пікірі, ал Имам Әбу Ханифаның пікірі бойынша құлды азат еткен абзал).

Тек адал нәрседен ғана садақа береді; егер сауап үміт етіп харамнан садақа берсе: кәпір болады; егер садақа алушы садақаның харам екенін біле тұра харамнан садақа берген адамға дұға етіп, амандығын сұраса: беруші де, алушы да кәпір болады.

Базарда Құран оқып, тәсбі немесе Аллаһқа мақтау айтып қайыр сұрайтын адамның ісін зеку мақсатында оған садақа беру мәкруһ.

Бүйірін жерге қойып немесе жатып, көрпе жамылып, басын шығарып қойып Құран оқуда және көлікке мінген күйі немесе жүріп келе жатып Құран оқуда әбестік жоқ (әрине, абзалы ат-тахият күйінде отырып оқу); егер Құран оқитын жер нәжіс болса, онда мұндай жерде Құран оқу мәкруһ».

Имам Әләуд-Дин ибн Мухаммад Әмин Әбидин әл-Ханафи, «әл-Һадийяту әл-Ғәләия» (Шейх Башар Бәкри Араби әд-Димашқидің түсіндірмелерімен), 513-516 бет.