Мекке конференциясында хазірет Шәбир Ахмад әл-Усмани әл-Ханафи әл-Матуриди сөйлеген сөзі.
Дереккөз: «Ануар Мәдина» айлық журналы, Лахор, 15-том, 20–24-беттер, 2-нөмір, Зулқағда 1406 һ. — шілде 1986 ж.). («Иғтидәл дар маслак Диубанд» кітабынан алынған.
Удаленный аккаунт, [18.02.2026 15:31]
Мекке конференциясында хазірет Шәбир Ахмад әл-Усмани әл-Ханафи әл-Матуриди сөйлеген сөзі
(Дереккөз: «Ануар Мәдина» айлық журналы, Лахор, 15-том, 20–24-беттер, 2-нөмір, Зулқағда 1406 һ. — шілде 1986 ж.). («Иғтидәл дар маслак Диубанд» кітабынан алынған).
Хазірет Қазы Шамсуд-Дин «Мекке шайқасы» деген тақырыбының астында былай деп жазды:
(«Диубанд ғалымдарының Сұлтан Сауд сарайындағы ақиқат сөзі»)
«1343 һижри жылы Сұлтан Ибн Сауд қасиетті Хижазды өз бақылауына алып, «Жәннату әл-Муғәллә» және «Жәннату әл-Бақиғ» қабірлеріндегі күмбездерді қиратты. Бұл іс мұсылман ғалымдарының қатты наразылығын туғызды. Сондықтан 1344 һижри жылғы қажылық кезінде конференция ұйымдастырылды. Оған Үндістаннан мына ғалымдар қатысты:
— Муфти Мұхаммад Кифаятуллаһ (Жамиғат Улама-и Хинд төрағасы)
— Ғұлама Шәбир Ахмад әл-Усмани
— Ғұлама Сәйид Сулейман ән-Нәдуи
— Хазірет Мухаммад Әли Джауһар
— Шәукат Әли Джауһар және басқалар.
Сұлтан Абдул-Азиз Ибн Сауд сөз сөйлеп, былай деді:
«а) Біз төрт мәзһабтың фиқһ мәселелерінде қаталдық жасамаймыз. Бірақ таухид негізінде және Құран мен Сүннетке бекем ұстануда бізді ешқандай күш тайдыра алмайды — адамдар разы болсын, не ашулансын.
ә) Неге біз яһудилер мен христиандарды кәпір дейміз? Өйткені олар Аллаһтан басқаға құлшылық етеді және былай дейді:
﴾Біз оларға тек бізді Аллаһқа жақындатсын деп қана құлшылық етеміз﴿ «Зүмәр» сүресі, 3-аят.
Сондықтан кім қабірге құлшылық жасап, қабірге сәжде жасаса — олар пұтқа табынушылар мен мүшріктер секілді.
б) Омар (Аллаһ одан разы болсын) адамдардың Худайбиядағы Ридуан ағашына барып, сол жерде намаз оқитынын білген кезде, кейін адамдар оны құлшылық нысанына айналдырмасын деп, ағашты кесуді бұйырды».
Сұлтан күмбездерді бұзуды Ридуан ағашын кесумен салыстырғысы келді. Үндістан ғалымдары атынан сөйлеуді хазірет ғұлама Шәбир Ахмад әл-Усманиға тапсырды.
Шейх Шәбир Ахмад әл-Усмани сұлтанға қонақжайлығы үшін алғыс айтып, былай деді:
«а) Үндістандағы Әһли сүннет ғалымдары Құран мен Сүннетке толық ілесудің міндет екенін анық мәлімдейді және құтылу тек Аллаһ Елшісі ﷺ толық еруде деп сенеді. Бірақ Құран мен Сүннетті қолдану орындарын түсіну — дұрыс ижтиһадты қажет етеді. Мысалы:
Аллаһ Елшісі ﷺ Зейнеп бинт Джаһш анамызға (Аллаһ одан разы болсын) үйленді. Арабтар асыранды ұлдың бұрынғы әйеліне үйленуді ұят деп санайтын. Аллаһ Елшісі ﷺ осы жәһилият заңын жою үшін осылай істеді.
Аллаһ кәпірлер мен мұнафықтарға қарсы жиһад етуге бұйырды. Бірақ соған қарамастан Аллаһ Елшісі ﷺ мұнафықтардың басшысы Абдуллаһ ибн Убайдың жаназа намазын оқыды және сахабалардың мұнафықтарды өлтіру ұсынысын қабылдамады. Себебі адамдар: «Мухаммад өз сахабаларын өлтіреді» деп айтпасын деді.
Осындай айырмашылықтарды түсіну — терең түсінікті мужтаһидтің ісі.
ә) «Құлшылық сәждесі» мен «құрмет сәждесінің» айырмасы туралы:
Қабірге немесе адамға құлшылық ретінде сәжде жасау — анық күпірлік.
Ал құрмет немесе сәлем ретінде сәжде жасау — біздің шариғатта харам және күнә, бірақ ашық ширк емес және оны жасаған адамды мүшрік, қаны халал деп айтуға болмайды.
Құранда періштелердің Адамға сәжде жасауы және Юсуф пайғамбардың бауырларының оған сәжде жасауы айтылған. Тәпсіршілер мұны құрмет сәждесі деп түсіндірген (егер сәжде ету барлық халде ширк болса, онда олар сәжде жасамас еді).
Қорытынды: Аллаһтан басқаға құрмет үшін сәжде — күнә, бірақ діннен шығаратын ширк емес.
Күмбездерді бұзу мәселесі: Біз де күмбездерді бұзуды дұрыс деп санамаймыз.
Тарихта Уәлид ибн Абдул-Мәлик Омар ибн Абдул-Азизге (ол кезде Мәдина әмірі болған) Пайғамбарымыздың ﷺ жұбайларының бөлмелерін мешітті кеңейту үшін бұзуды бұйырды. Бұзу кезінде Айша анамыздың (Аллаһ одан разы болсын) бөлмесінің қабырғасы құлап, Аллаһ Елшісі ﷺ, Әбу Бәкір және Омар (Аллаһ олардан разы болсын) қабірлері көрінді. Омар ибн Абдул-Азиз қатты жылап, кейін оларды қайта тұрғызуды бұйырды.
Бұл мысал күмбез салуға үгіт емес, бірақ ұлы адамдардың қабірлерінің жүректерге әсерін көрсету үшін айтылды.
Удаленный аккаунт, [18.02.2026 15:31]
б) Ридуан ағашын кесу туралы: Омар (Аллаһ одан разы болсын) адамдар оны құлшылық нысанына айналдырып жібермесін деп кескен. Ридуан байғаты 6 һижри жылы болды, Аллаһ Елшісі ﷺ 11 һижри жылы қайтыс болды. Ағаш Омардың халифалығы кезінде кесілді. Ал күмбездер ғасырлар бойы тұрды, бірақ оларды ешкім құлшылық нысанына айналдырған жоқ.
Белгілі орындарда намаз оқу туралы: Миғраж хадисінде Жәбірейіл Аллаһ Елшісі ﷺ төрт жерде (тәбәррук ретінде) намаз оқуға нұсқады:
— Мәдинада (һижрет орны)
— Тұр Синада (Аллаһ Мұсамен сөйлескен жер)
— Шуғайб пайғамбар мекенінде
— Бәйт Ләхмде (Иса пайғамбар туған жер)
Егер Аллаһ Елшісі ﷺ (Аллаһ Мұсамен сөйлескен) Тұр Синада намаз оқыса, онда біз неге Жәбәл Нұрда (уахи түскен жерде тәбәррук етіп) намаз оқи алмаймыз?
Егер Ол ﷺ Шуғайб мекенінде намаз оқыса, онда біз неге Хадиша анамыздың (Аллаһ одан разы болсын) үйінде (тәбәррук етіп) намаз оқи алмаймыз? Ол жерде Аллаһ Елшісі ﷺ 28 жыл өмір сүрді.
Егер Ол ﷺ Бәйт Ләхмде намаз оқыса, онда неге үмметке Пайғамбарымыз ﷺ туған жерде намаз оқуға тыйым салынады? Ат-Табарани: «Пайғамбарымыздың ﷺ туған жері — Меккеде Харам мешітінен кейінгі ең абзал жер» деген.
Егер Шуғайб мекенінде намаз оқу — оның сонда паналағаны үшін болса, онда біз неге Сәур үңгірінде (тәбәррук ретінде) намаз оқи алмаймыз? Аллаһ Елшісі ﷺ сонда үш күн паналады».
Әл-Усманидің жауабынан кейін үнсіздік орнады. Сосын сұлтан былай деді:
«Мен сендердің ілімдерің мен дәлелдеріңнің күшін мойындаймын. Сендердің сөздеріңде үлкен ғылыми биіктік бар. Менде оған жауап жоқ. Ең дұрыс жауапты біздің ғалымдар береді. Бұл мәселелерді олармен бірге шешуге болады».
Сілтеме: https://t.me/deobandihanafi
خطاب مولانا شبير أحمد العثماني في مؤتمر مكة المكرمة
(مقتبس من: مجلة "أنوار مدينة" الشهرية، لاهور، المجلد 15، من الصفحة 20 إلى 24، العدد 2، شهر ذي القعدة 1406هـ - يوليو 1986م). (مأخوذ من كتاب "اعتدال در مسلك ديوبند").
كتب مولانا قاضي شمس الدين تحت عنوان "معركة مكة المكرمة": (قول الحق لعلماء ديوبند في بلاط السلطان سعود)
ثم يتابع قائلا: (في عام 1343هـ، سيطر السلطان ابن سعود على الحجاز المقدس وهدم قباب قبور "جنة المعلى (المعلاة)" و"جنة البقيع" في الحرمين الشريفين، مما أدى لاستياء شديد لدى علماء المسلمين، لذا، في أيام الحج لعام 1344هـ، عُقد مؤتمر شارك فيه من علماء الهند: المفتي محمد كفايت الله (رئيس جمعية علماء الهند)، العلامة شبير أحمد العثماني، العلامة سيد سليمان الندوي، مولانا محمد علي جوهر، وشوكت علي جوهر وآخرون.
ألقى السلطان [عبدالعزيز] ابن سعود خطاباً قال فيه:
أ)لا نتشدد في فروع المذاهب الأربعة، لكن في أصل التوحيد والتمسك بـ الكتاب والسنة، لا يمكن لأي قوة أن تزحزحنا، سواء رضي الناس أم سخطوا.
ب) لماذا نكفر اليهود والنصارى؟ لأنهم يعبدون غير الله ويقولون: (مَا نَعْبُدُهُمْ إِلَّا لِيُقَرِّبُونَا إِلَى اللَّهِ زُلْفَى) [الزمر: 3] فمن يتوجه بالعبادة لأصحاب القبور من الصالحين ويسجد لقبورهم فهم كعبدة الأصنام والمشركين.
ج) عندما علم عمر رضي الله عنه أن ناساً يذهبون للحديبية ويصلون عند شجرة الرضوان، أمر بقطعها لئلا يبدأ الناس بعبادتها لاحقاً.
كان قصد السلطان أن هدم القباب يشبه قطع شجرة الرضوان. قرر وفد علماء الهند أن يتحدث العلامة شبير أحمد العثماني نيابة عنهم.
شكر العثماني السلطان على حسن الضيافة ثم قال:
أ) علماء أهل السنة في الهند يصرحون ببصيرة تامة بوجوب اتباع الكتاب والسنة، ويقررون أن الفلاح منحصر في الاتباع الكامل للرسول ﷺ، لكن فهم مواضع استعمال الكتاب والسنة يحتاج إلى اجتهاد صحيح، مثال:
1. زواج الرسول ﷺ من السيدة زينب بنت جحش رضي الله عنها، كان العرب يرون زواج الرجل من مطلقة ابنه المتبنى أمراً مستهجناً، ففعل الرسول ذلك لكسر هذا القانون الجاهلي.
2. أمر الله بالجهاد ضد الكفار والمنافقين والغلظة عليهم. ومع ذلك، صلى الرسول ﷺ على جنازة رئيس المنافقين عبدالله بن أبي، ورفض مقترح الصحابة بقتل المنافقين خشية أن يقول الناس: "إن محمداً يقتل أصحابه".
يتطلب فهم هذا التفاوت نظرة مجتهد بصير، وهو أمر يتعلق بالفقه والاجتهاد.
ب) بخصوص الفرق بين "سجدة العبادة" و"سجدة التعظيم": السجود للقبر أو الشخص كعبادة هو كفر صريح، أما سجدة التحية أو التعظيم، فمع أنها محرمة في شريعتنا ويؤثم فاعلها، إلا أنها ليست شركاً جلياً ولا يمكن اعتبار فاعلها مشركاً مهدور الدم، ذكر القرآن سجود الملائكة لآدم وسجود إخوة يوسف له، واعتبره المفسرون سجدة تعظيم.
الخلاصة أن السجود لغير الله تعظيماً هو معصية، لكنه ليس الشرك المخرج من الملة.
موضوع هدم القباب: نحن أيضاً لا نرى هدم القباب صحيحاً.
تاريخياً، أمر الوليد بن عبد الملك عمر بن عبد العزيز (حين كان حاكماً للمدينة) بهدم حجرات أمهات المؤمنين لتوسعة المسجد النبوي. خلال الهدم، سقط حائط حجرة عائشة وظهرت قبور الرسول ﷺ وأبي بكر وعمر، فبكى عمر بن عبد العزيز بكاءً شديداً ثم أمر بإعادة بنائها. الغرض من هذا الكلام ليس التشجيع على بناء القباب، بل بيان أثر قبور العظماء في القلوب.
ج) بخصوص قطع شجرة الرضوان: قطعها عمر (رضي الله عنه) خشية عبادتها. بيعة الرضوان كانت في سنة 6هـ ووفاة الرسول في 11هـ. قطعها عمر خلال خلافته، بينما كانت القباب موجودة لقرون ولم يُرَ أحد يعبدها.
بخصوص الصلاة في أماكن معينة: في حديث المعراج، أشار جبريل على النبي ﷺ الصلاة في أربعة مواضع: المدينة (مهاجره)، طور سيناء (حيث كلم الله موسى)، مسكن شعيب (عليه السلام)، وبيت لحم (مولد عيسى عليه السلام).
1. إذا طُلب من الرسول الصلاة في طور سيناء، فلماذا نُمنع من الصلاة في جبل النور (مكان الوحي)؟.
2. إذا صلى في مسكن شعيب، فما المانع من الصلاة في مسكن خديجة (رضي الله عنها) حيث قضى الرسول 28 عاماً؟.
3. إذا صلى في بيت لحم، فلماذا تُمنع الأمة من الصلاة في مولد النبي ﷺ؟،
يقول الطبراني: مولد النبي هو أنفس البقاع في مكة بعد المسجد الحرام.
4. إذا طُلب من الرسول الصلاة في مسكن شعيب لأنه التجأ إليه، فما المانع من صلاتنا في غار ثور حيث التجأ الرسول لثلاثة أيام؟
بعد إجابة مولانا العثماني، ساد الصمت، ثم قال السلطان: (أنامقر بفضل علمكم وعظيم حجتكم، في كلماتكم رفعة علمية كبيرة لا أملك جواباً لها، وأفضل جواب هو ما يقدمه علماؤنا، ويمكن حل هذه المسائل معهم).