January 22, 2025

«Бірде Фатима Пайғамбарға ﷺ қол диірменнің көп қолданғаннан қолы ауырып\қатты шаршап жүргенін айтып шағымданады...»

Бізге Хафс ибн Омар, ол Шуғбадан, ол Мусәддадтан, ол Яхядан, ол Шуғбадан, екеуінің хадисі бір, ол әл-Хәкәмнан, ол ибн Әби Ләйләдан, ол Мусәддадтан, ол хазіретті Әлидің былай деп айтқанын жеткізеді:

«Бірде Фатима анамыз Аллаһ Елшісіне ﷺ келіп, қол диірменмен көп жұмыс істеуден қолының ауырғанын, қатты шаршайтынын айтып шағымданды. Кейінірек Пайғамбарға ﷺ тұтқындар әкелінген кезде, Фатима анамыз (Аллаһ оған разы болсын) солардың бірін өзіне қызметші етіп беруін сұрап келеді. Бірақ ол кезде Пайғамбар ﷺ үйінде болмайды, сондықтан ол Айша анамызға өтінішін айтып кетеді.

Пайғамбар ﷺ үйіне оралғанда, Айша анамыз оған Фатиманың келіп кеткенін және оның не мақсатпен келгенін айтып береді.

Сол түні біз төсегімізге жатып қойған едік. Сол кезде Аллаһ Елшісі ﷺ келді. Біз орнымыздан тұрмақ болдық, бірақ Ол ﷺ: «Орныңыздан тұрмаңыздар», – деді де, арамызға отырды. Мен Оның ﷺ аяғының салқындығын өз денемде сезіндім. Сосын Пайғамбар ﷺ былай деді: «Саған сұрағаныңнан да қайырлы бір нәрсе үйретейін бе? Ұйықтар кезде отыз үш рет: «СубханАллаһ», отыз үш рет: «Әлхамдулилләһ» және отыз төрт рет: «Аллаһу Әкбар» деп айт. Бұл – сен үшін қызметшіден де артық болады»». (Әбу Дәуіт, 5062).

Үлкен мухаддис имам Халил Ахмад әс-Сәһәранфури әл-Ханафи өзінің әйгілі «Бәзл әл-Мәджһууд фи халли сунан Әбу Дәуд» (13\453-454) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«Хашиясында» айтты: «Бұл зікірді үйрету себебі не ақыретке байланысты, өйткені Аллаһты зікір етудің пайдасы ақыретте, ал қызметшінің пайдасы тек бұл дүниеде және ақыреттегі пайда жақсырақ әрі мәңгі екенін көрсетеді немесе бұл зікірлерді айту арқылы ол қызметшіден де артық қызмет етуге мүмкіндік беретін күшке ие болатынын көрсетеді. Қызметші сөзі жалпы еркек пен әйелге қатысты қолданылады және бұл жерде (Фатима анамыз, оған Аллаһ разы болсын, сұраған қызметшісі) күң қыз екенін білдіреді».

¹Мухаддис Шейх Мухаммад Зәкәрия әл-Кәндәһләуй әл-Мәдәний әл-Ханафи астына Шейхтың сөзін толықтырады:

Шейх ибн әл-Қаийм өзінің «әл-Уәбил ас-Саийб» (164 бет) кітабында айтты: «Зікір - зікір айтқан адамға күш-қуат беретіні соншалық, тіпті ол зікір арқылы зікірсіз істей алмайтын нәрсені жасай алады».

Хадистен алынатын бірнеше пайда:

Бірінші: Жаратқанның ең ардақтысы, ең ұлысы, ең қайырлысы – Аллаһ Елшісінің ﷺ қызы – күйеуінің үйінде үй шаруасын істеді, тамақ дайындады, үй сыпырды және тіпті диірменмен бидай ұнтақтап ұн істеді, диірмендерде жұмыс істейтіндер бұл істің қиындығы мен машақаты қандай екенін біледі, осының барлығын Фатима анамыз күңкілдемей шағымсыз орындады: өйткені күйеуінің үйі оның үйімен бірдей, еш айырмашылығы жоқ.

Бәлки кейбір басқа жолмен жеткен хадистерде айтылған: Әли – оған Аллаһ разы болсын – былай деді: «Пайғамбардың ﷺ қызы Фатима диірменде менімен бірге диірмен тасын айналдырғаннан қолында із қалатын (яғни, мозел болатын), тері ыдыспен су тасығаннан мойыны қажалып, үй тазалағаннан киімдері шаң басатын (яғни, киімі тозып кететін)». Кейбір риуаятта: «Нан пісіргені соншалықты, (шаршағаннан немесе пеш ыстығынан) жүзінің түсі өзгеретін».

Екінші: Фатима анамыз Әкесіне ﷺ жұмысқа бар күш-жігерін салып жасағаннан кейін, соңында әбден шаршап, әбден әлсірегенге дейін бармады, яғни күйеуі Әли – Аллаһ оған разы болсын - оны диірменмен бидай ұнтақтауын сұрағанда, Фатима анамыз бас тартып, күйеуіне ашуланып: «Мен Аллаһ Елшісінің ﷺ қызы бола тұра қалай ғана сен маған бұл ауыр жұмысты істеуімді бұйырасың?», - дегенді көрмейсің.

Қайта, Фатима анамыз жұмыстан бар күш-қуаты таусылғанша жұмыс істеп, содан кейін Әкесіне ﷺ барған. Бәлки, кейбір риуаяттарда Фатима анамызды Пайғамбарға ﷺ үй қызметіне қызметші сұратып жіберген хазіретті Әли деп келеді.

Үшінші: Фатима анамыз Әкесінің ﷺ үйіне реніш білдіріп, ашуланып барған жоқ, тек өзіне қызметші тағайындауын сұрады. Міне солай, құрметті әйелдер, күйеулеріне шағымданбайды, сыр ашпайды.

Төртінші: Фатима анамыз Әкесінен ﷺ құл сұрау үшін қолайлы уақытты таңдап, Пайғамбардың ﷺ жорықтан бірнеше тұтқындарды әкелгенін білгенге дейін күтті. Яғни, Пайғамбарға ﷺ өтінішін айтып, қажетін сұрау ауыртпалық түсірмейтін ыңғайлы уақыт болды, яғни Фатима анамыз ыңғайсыз уақытта адамның мазасын алып сұрап, әкесінің дәрежесін пайдаланатын жатып-ішер болмады.

Бесінші - және ең маңыздысы -: Пайғамбар ﷺ оның сұраған қызметшісін әкелмеді, керісінше, оны және оның күйеуін осы қиындықтарда көмектесетін басқа бағытқа бағыттады, бұл тәсбі және зікір! Бұл Аллаһу Тағалаға бет бұрудың пайдасын және рухани, моральдық қуат және тән мен жанның илаһи қолдауына ие болумен қатар қиын физикалық міндеттерді жеңілдетуде зікір мен дұғаның пайдасын көрсетеді.

Егер қаласаңыз, Аллаһу Тағаланың мына аятын оқыңыз: {Және де оларға: «Раббыларыңнан күнәларың үшін кешірім тілеңдер! Өйткені Ол өте кешірімді!» (Аллаһтан кешірім тілеңдер) төбелеріңе аспаннан нөсерлетіп нұр жаудырсын}. Ризық пен жәрдем кешірім тілеу арқылы келеді және бұл істердің пайда болуы арасындағы физикалық және математикалық қатынасқа келетін болсақ, бұл адамзат ғылымдары дәлелдей алмайды, ал Аллаһ шыншыл, Аллаһтан артық кім шыншыл! Аллаһтан артық шыншыл кім бар?!

Кейбір риаяттарда Пайғамбарﷺ Фатима анамызға: «Аллаһпен ант етемін, мен саған ештеңе бермеймін, суффа тұрғындарының қарындарын аштыққа тойдырамын», - деген.

Бұл Оның ﷺ сахабаларын өзінен, отбасынан және балаларынан қалай артық көретіні туралы тағы бір тарау.

Алтыншы: Ол: «Бұл (зікір) сендер сұрағандарыңнан қайырлы» деген.

Солай болды, Аллаһ білуші, өйткені қызметі де абыржиды, шаршайды, ауырады және өледі. Ал бұл істерді жеңілдету үшін Аллаһу Тағаладан жәрдем сұрауға келсек, бұл Аллаһтың қалауымен ешқашан бітпейтін илаһи жәрдем. Бұл жәрдемді алудың шарты: Аллаһу Тағала жәрдем сұраушы құлдының адалдығын, Аллаһқа ең көркем түрде жүзденуін және тәуекелдігін көру керек.

Бұл шарапатты хадистен түсінуге болатын мәселелер, әрине, ниет ерлерді әйелдеріне қысым көрсетуге шақыру немесе оларды үйлерде құл және қызметші ету емес. Бәлки күйеулері әйелдеріне жақсылық пен мейірімділік жасаулары талап етіледі. Керісінше, пәк, жомарт, ұлы адамның ﷺ қыздары қазіргі әйелдер жасай алмайтын нәрселерге жасауға шыдайтын.