October 27

Баланың кәсіп етуі және оның нәпақасы.

Ибн Әбидин өзінің хашиясында (10\470-471) айтты:

«Егер бала еңбекке жарамды жасқа жетпеген болса, онда (нәпақасы) әкесінің мойнында. Ал егер ол (бала) еңбекке жарамды жасқа жеткен болса, әкесіне оны жұмысқа немесе бір кәсіпке беруіне рұқсат етіледі, сонда бала табыс тауып, сол табысынан өзіне нәпақа жұмсалады — егер ұл бала болса.
Қыз балаға келсек, жағдай өзгеше. Бұл жайлы бұрын балаға қамқорлық (хадана) бабында «әл-Муәййәдий» кітабынан келтірілген. Бұл жайында «әл-Хайру ар-Рамли» былай дейді:

«Егер қыз бала тігіншілік, жіп иіру секілді кәсіппен айналысып күн көретін болса, онда оның нәпақасы сол тапқан табысынан болуы тиіс — бұл сыртқы көрініс бойынша. Біз айтпаймыз: әкесі соған қарамастан оған (яғни, кәсіп қылып табыс табатын қызға) нәпақа беруге міндетті деп. Бірақ егер ол табыс күнкөрісіне жетпесе, онда әке – жетіспеген мөлшерді өтеу арқылы қызын толық қамтамасыз етуге міндетті. Бұл пікірді өз мәзһабымыздың (яғни, ханафи) ғалымдарынан көрмедім, бірақ олардың: «қыз бала жағдайы өзгеше» деген сөзіне де қайшы келмейді. Өйткені тыйым салынған нәрсе — оны (қызды) жалға(яғни, жұмысқа) беру, ал бұл — оны кәсіп үйренуге мәжбүрлеуге болмайды дегенді білдірмейді».

Яғни, тыйым салынғаны — қыз баланы қызмет ету үшін (мысалы, үй қызметшісі ретінде) жұмысқа беру. Бұл олардың мына сөзінен дәлел: «Өйткені жалға алушы онымен оңаша қалуы мүмкін, ал бұл шариғатта рұқсат етілмейді». Осыған байланысты, қыз баланы кәсіпке (мысалы, кестелеу, тігіншілік сияқты) үйрететін әйелге тапсыруға рұқсат бар.

(Қыз балаларға келсек, жағдай өзгеше) — яғни, әкесіне қыз баланы қандай да бір жұмысқа немесе үй қызметіне жалға (яғни, жұмысқа) беруге болмайды.
Солай «Татархания» кітабында айтылған. Себебі жалға алушы ер адам олармен оңаша қалуы мүмкін, ал бұл шариғатта жаман (яғни, тыйым салынған іс).

Мағынасы: ол (яғни, әке) қызын кестелеу, тігіншілік сияқты кәсіпке үйрететін әйелге тапсыруына болады, өйткені бұнда ешқандай тыйым салынған нәрсе жоқ. Бұл үкімнің толық баяны «Нәпақа» тарауында келтіріледі».