«Шынында, бұл ілім — дін. Сондықтан дініңді кімнен алатыныңа қара».
Ибн Сирин айтты: «Шынында, бұл ілім — дін. Сондықтан дініңді кімнен алатыныңа қара». Хадисті Бухари мен Муслим риуаят еткен.
Ғұлама мухаддис Абдул-Хақ Сайфуд-Дин әл-Бухари әд-Дәһләуй әл-Ханафи өзінің әйгілі «Ләмәғату әт-Тәнқих фи шархи Мишакт әл-Масабих» (173-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:
«(«Шынында, бұл ілім) яғни, хадис ілімі және Аллаһ Елшісінен ﷺ келген ілім — (дін) яғни, дін осы ілімге сүйеніп құрылады және сол арқылы бекітіледі. (Сондықтан дініңді кімнен алатыныңа қара») — бұл риуаят етуші\білім жеткізуші адамның жағдайын, оның сенімділігін, тақуалығын, жаттау қабілетін және тақуалығын мұқият тексеруге шақыру. Яғни, кім риуаят етеді, оның әркімнен ала салынбауын қадағалау керек.
Сәйид Әбу Абдуллаһ ибн Аббад былай деп өсиет қалдырған: «Саған бір өсиет айтайын, оны тек ақылы бар және өмір көрген адам ғана түсінеді; ал оған тек ғапыл және перделенген адам ғана мән бермейді. Ол — мынау: бұл ілімді менменшіл адамнан, бидғат иесінен, (өз айтқанын тексермейтін\не айтылып жатқанын толық түсінбейтін) соқыр еліктеушіден алмаңдар. Өйткені менмендік — аяттар мен ғибраттарды түсінуге тосқауыл болатын сипат; бидғат — бәлелердің ішіндегі ең зор апат (ең үлкен қауіп); ал (өз айтқанын тексермейтін\не айтылып жатқанын толық түсінбейтін) соқыр еліктеу — мақсатқа жетуге және табысқа кенелуге кедергі болады»».