«Ақиқатында мен үмметімді адастырушы имамдардан қорқамын!»
Бізге Қутайба ибн Сәғид, ол Хаммад ибн Зәйдтен, ол Аюбтен, ол Әбу Қилабадан, ол Әбу Әсмә ар-Рахабиден, ол Саубанның мына сөзін жеткізеді: «Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Ақиқатында мен үмметімді адастырушы имамдардан қорқамын!». (Әт-Термизи, 2229).
Муфти Асғар Әли ар-Раббани әл-Ханафи «Джәмиғу әт-Термизи уә әл-мәзһәб әл-Ханафи» (7\277) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
««Имамдар» - әділетсіз басшылар, адасушылық пен бидғатты және ұлтшылдықты жақтаушылар. Өйткені олардың зияны өте үлкен және ауыр. Ақиқатында имамдардың/басшылардың жамандықтары халықтың күнәға түсуі мен бұзылуына апарады. «Мирқат әл-Мафатих» (8/3389) кітабында айтылғандай, осылай Ханафи мәзһабы айтады: «Ақиқатында мен үмметімді адастырушы имамдардан қорқамын!». Хадисте келген «Имамдар» деген - олар халықты ертуші, олардың көшбасшысы және оларды сөзге немесе амалға немесе сенімге шақырушыдар».