Уаһаби-хауаридждердің ақидасын баяндайтын ең негізгі «Китабу ат-Таухид» кітабындағы әлсіз және тәрк етілген хадистер саны
Мухаммад ибн Абдул-Уаһабтың «Китабу ат-Таухид» кітабында “әлсіз” және “тасталған” хадистер саны 48-ге жуық.
Егер сіз уаһабиден: «Дұғадан кейін бет сипауға болама?» - деп сұрасаңыз, ол: «Жоқ, өйткені бұл Құран және Сүннетте келмеген», - деп жауап береді. Ал егер оған дұғадан кейін бет сипауға болатындығына имам Термизидің «Сунән» (3386) және Имам Хакимнің «Мустадрак» (1/719) кітабынан дәлел көрсетсеңіз, олардан (уаһабилерден) бұл хадис әлсіз деп айтқаның естейсіз. Дәл сол сияқты басқада фиқһи мәселелерде олар тек Құран және Сүннеттен дәлел сұрайды.
Ойланып көрсеңіз, діннің негізі болған ақидада дәлел сұрау мәселесінде бұдан да қатты позиция ұстану керек секілді. Иә, солай болу керек. Бірақ тек уаһабилерде емес. Фиқһ мәселесінде дәлел іздеуде алдарына жан салмайтын адамдар, өздерінің «имамдары» ақида кітаптарында келтірген “дәлелдерін” зерттеуге салғырттық танытады.
Мухаммад ибн Абдул-Уаһабтың «Китабу ат-Таухид» кітабы уаһабилердің негізгі кітаптарының бірі болып есептеледі. Сіздердің алдарыңызда сол кітапқа жазған уаһабилік Әбу Мәлік Ахмад ибн Әли ибн Мусанна әл-Қуфәйлидің тахқиқында өзінің «имамы» Мухаммад ибн Абдул-Уахаб “сахих” деп есептеген хадистері “әлсіз”, “өте әлсіз”, “иснады үзілген” немесе тіпті “қайтарылған” хадистер екенін анықтаған беттерінің скрині ұсынылады.
«Китабу ат-Таухид» кітабында “әлсіз” және “қайтарылған” хадистердің нөмірлері:
5, 15, 16, 18, 20, 21, 23, 31, 37, 49, 52, 55, 57, 58, 60, 64, 67, 68, 70, 75, 77, 78, 80, 87, 89, 90, 92, 99, 101, 102, 103, 107, 109, 110, 112, 125, 127 баптарда Абдулла ибн Аббастан келген 114-ші хадис, 128-ші хадистің екі нұсқасы, 134, 139, 154, 161, 162, 163, 165.